ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

20:32, 24 маусым 2022

Петропавлда Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай 60-тан астам қызметкер мен ардагер марапатталды. Салтанатты жиын облыстағы ең ірі полиция бөлінісі – Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері мен ардагерлері үшін өткізілді. 

Учаскелік полиция инспекторлары, тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер, жедел уәкілдер – облыс орталығында қылмысқа қарсы іс-қимыл және қоғамдық, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі жүктеме қала полицейлеріне жүктеледі.  Осылайша тәртіп сақшылары жақсы тәжірибеден өтп, кез-келген лауазымда қажет болатын дағдылар мен кәсіби қабілеттерге ие болады. Қалалық полицейлерді Қазақстан полициясының мерейтойымен Петропавл қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жанболат Батырбеков құттықтады. Сондай-ақ, Петропавл қ. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тажин, облыс орталығындағы құқық қорғау органдарының басшылары да құттықтау сөздерін жеткізді.

Жандос Мұқатов, Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы:

- Біздің қызметкерлер күнделікті Қазақстан Республикасының игілігіне жеке уақыттарымен санаспай қызмет етеді, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, қылмыстарды ашу және алдын алумен айналысады.

 Петропавл қ. полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов жеке құрам мен ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтады. Бұл күні 60-тан астам қызметкер мен ардагер марапатталды. Оның ішінде жедел-криминалистикалық бөлімнің бастығы Тимур Әбділманов та бар. Офицер мерзімінен бұрын «полиция подполковнигі» атағын алды. Әсіресе полиция қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс айту сәті ерекше әсерлі болды: криминалист Маржантай Төлегенқызының анасы Айгүл Сембинаға, полиция аға сержанты Мирас Ерденовтың ата-анасы Абай мен Гәкку Нұрмұқановтарға, тергеуші Кристина Дрягинаның ата-анасы Константин мен Елена Дрягинаға, сондай-ақ әкімшілік полиция инспекторы Альбина Қыпшақпаеваның ата-анасы Қайсар мен Самал Аяғановтарға құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиын концертпен аяқталды, бұдан кейін полицейлер құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет атқаруға аттанды.

Тақырып бойынша материалдар

КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ
13:00, 19 шілде 2022
КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар