ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

МЕРГЕНДЕР АНЫҚТАЛДЫ

17:17, 6 мамыр 2022

Тәртіп сақшылар қарудан атудан жарысты. Спорттық шара Қазақстан полициясының 30 жылдығына және Отан Қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің материалына назар аударайық.  

Макаров тапаншасынан ату бойынша жарысты СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері мен «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылардың әрқайсысына сынамалы түрде үш рет атып көру мүмкіндігі берілді, кейін олар есепке алынатын он патрон атты.

Қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына назар аударамыз. Біз бұйрықсыз қаруды қапшығынан шығара алмаймыз. Барлығы команда бойынша. Егер атыс кезінде мылтық атпаса оң қолды көтереміз. Жетекші келіп кемшіліктерді өзі түзейді. Ешқайсысы өз бетінше ештеңе жасамауы керек.»

 Жарысқа спорт қоғамының 18 командасы, оның ішінде аудандық ішкі істер бөлімдерінің 12 қызметкері қатысты. Саламатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтыру дайындығын нығайту үшін полиция қызметкерлері күн сайын тир мен спорт залдарда жаттығулар жасайды.

ЕРЛАН ҚАБДУӘЛИЕВ, СҚО ПД АРНАЙЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЯРЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде 9 миллиметрлік Макаров таманшасынан атудан жарыс өткізілуде. Бұл жарыс календарлық жоспарға сәйкес және Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай өткізілуде. Жарысқа 18 команда қатысуда. Олар 12 аудандық полиция басқармасы және 6 арнайы күш құрылымдар құрамасы. Өткізіліп жатқан жарыстың негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің жауынгерлік даярлықтарын арттыру және өзара үздік мергендерді анықтау.

 Командалық ынтымақтастың арқасында ұжым жақсы нәтижелерге қол жеткізді – 299 ұпай жинаған СҚО ПД қызметкерлері құрметті бірінші орынды алды, ал ҚР Ұлттық ұлан академиясы жалпыкомандалық екінші орыннан көрінсе, Есіл ауданы полиция бөлімінің командасы үшінші орынға тұрақтады.

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:32, 24 маусым 2022
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...