ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

«МУЗЕЙДЕГІ ТҮН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

20:44, 18 мамыр 2022

Облыстық ішкі істер органында «Музейдегі түн»   дәстүрлі акциясы өтті. Оған мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында тәртіп сақшыларының жұмысынан, жеке өмірінен сыр шертетін жәдігерлер таныстырылып, концерт те ұйымдастырылды.

Аталмыш акция Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында өтті. СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлованың айтуынша, бұл қазіргі қазақстандық полицияның қалыптасу тарихына жүгінудің маңызды себебі.

- Біздің басты мақсатымыз-өскелең ұрпаққа ІІО-ның тарихын жеткізу, дәстүрлерді, ұрпақтар сабақтастығын көрсету, полиция қызметкерінің оң имиджін қалыптастыруға ықпал ету.

Жас қазақстандықтарға патриоттық тәрбие беруде қолдау көрсеткені үшін бірқатар педагогтар марапатталды. Гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Виталий Гутевич соңғы 2 жылда  500-ден астам баланы СҚО ПД мұражайымен таныстырған. Сондай-ақ, музейді сақтаушы Любовь Осинская мен Нина Бенграф та алғыс хаттарға ие болды. Іс-шара барысында облыстық ПД мәдени орталығының әртістері көрермендерге ашық аспан астында концерт қойды. Мұражайда қазіргі заманғы полицияның 30 жылына арналған арнайы зал да бар. Мұнда техниканың үлгілері, резонанстық қылмыс орындарынан дәлелдер мен полиция Батырларының жеке заттары жинақталған.

ДИЛЬНАРА ГУЛЬМЯТОВА, № 23 ОРТА МЕКТЕПТІӘҢ ОҚУШЫСЫ:

- Мұражайға кіре сала, ІІД тарихымен танысуға көмектескен көптеген экспонаттарды көрдік. Және бүгін мен болашақта полиция қызметкері болғым келетінін түсіндім.

 Мұражайды меңгерушісі Любовь Осинская келушілер полицейлердің қиын жұмысына құрмет көрсететін болса, онда мұражайдың міндеті орындалды дейді.

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:32, 24 маусым 2022
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...