ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

МУЗЕЙГЕ САЯХАТ

13:07, 2 желтоқсан 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыс полицейлері патриоттық тәрбиеге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ішкі істер органдарының 11 қызметкері облыстық тарихи-өлкетану музейінде экскурсияда болды. Оның алтауы тәуелсіз мемлекетіміздің құрдастары. 

Полицейлер Тұңғыш Президент залын тамашалады. Оларға Елбасының өмірі, өткен жолы, жас мемлекетіміздің тарихындағы басты кезеңдер жайлы экскурсовод әсерлі айтып берді. Іс-шара мемлекеттік тілде өтті.

  • Нұрсұлтан Әбішұлының ата-бабаларының бірі, қазақ халқының  жоңағарларға қарсы күресте ерлік көрсеткен, батырлығымен көзге түскен батыр ұлы – Қарасай батыр.

Облыстың басты музейінде болған Тәуелсіздік құрдастарының арасында әкімшілік полиция басқармасының екі қызметкері, кезекшінің көмекшісі, облыстық патрульдік полиция батальонының взвод командирі, криминалист, көші-қон қызметі басқармасының жүргізушісі болды. Офицер құрамындағы аға лейтенант пен капитандар. Олар - құқықтық тәртіп қызметінде тәжірибе жинаған  кәсіби мамандар.  

Манарбек Молдабеков, СҚО ПД патрульдік полиция батальонының взвод командирі:

  • Ес білгелі Тәуелсіздік құрдасы екенімді біліп, оны терең сезініп өстім. Еліммен бірге есейіп, өркендеп келемін. Мен және менің құрдастарым осындай бірлігі мықты елде туғанымызды мақтан етеміз. Бүгінгі күні Тәуелсіз ел атанып, бақытты өмір жатқанымыз Тұңғыш Президенттің арқасы. Бүгінгі Тұңғыш Президент күні өткен экскурсияда Нұсұлтан Әбішұлы жаңа деректермен өз ойымды толықтырдым.

Полиция қызметкерлеріне еліміздің құқықтық тәртібін сақтау жауапкершілігі жүктелген. Бұл азаматтарымыздың тыныштықта өмір сүріп, Отанымыздың игілігі үшін еңбек етуінің қажетті шарты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен еңбегіне арналған залдағы экскурсия полицейлерге одан әрі қызмет етуге серпін беріп, терең әсер қалдырды.   

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР
20:40, 26 қаңтар 2022
ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕР ӘЙЕЛДЕРДІ ТОНАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
17:21, 25 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТКЕР ӘЙЕЛДЕРДІ ТОНАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...