ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ – БАЛАЛАР!

13:05, 14 қыркүйек 2021

Оқушылар облыс полицейлерімен бірге мектепке барудың қауіпсіз бағыттарын құруда. Өңірде "Назар аударыңыз - балалар!" жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің сюжетіне назар аударайық.

Тәртіп сақшылары мектептерде жол жүрісі ережелері мен жолдағы қауіпсіздік тәртібі нормалары жайлы дәріс оқиды. Мектеп оқушылары байқауларға белсенді қатысады, стендтер жасайды, погон таққан адамдармен сабақта «үй-мектеп» қауіпсіз бағыттарын ойластырып, салады.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Бүгін осы іс-шара негізінде Петропавл қалалық №2 мектебіндегі 4 сынып оқушыларымен жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша сабақ өткізілді. Аталған сабақта оқушылар өздерінің үйден мектепке дейінгі қауіпсіз бағыты бойынша сурет салды. Аталған оқушылармен бұл сабақтың өткізу негізгі себебі бұл оқушылар қазіргі кезден өздігінен үйлерінен мектепке дейін өз бетімен барады. Сондықтан олардың жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы біз үшін өте маңызды. Сондықтанда осындай іс-шара өткізілді.

 Кездесулер облыста қыркүйекте басталып, «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі аясында өткізіліп жатыр.

- К нам сегодня пришли полицейские в школу и все вместе нарисовали маршруты и Правила дорожного движения.

- Мен үйге баратын бағытымды суреттедім. Мен мектептен шығамын, тіке жүргенде  «Чебуречная» дүкені болады. Кейін тағы тура жүргенде алдымызда телемұнара болады.

- Велосипед мінгден жолды қалай кесіп өту керек? Алдымен құлаққапты алып тастау керек. Жан-жақта не болып жатқанын көру керек. Кейін велосипедтен түсіп, жолды өту керек. 

Айдың басында патрульдік полиция экипажының бағыттары оқу орындарына жақындатылды. Бұдан бөлек, мектептер мен колледждердің жанындағы жол-көше инфрақұрымдарын зерттеу мен жетілдіру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Мысалға, 9 қыркүйекте Петропавлда Ульянов көшесіндегі №10 мектептің маңында жасанды бұдырлық орнатылды. Тек 1 қыркүйектің өзінде 197 зерттеу жүрігізіліп, оның нәтижесі бойынша кемшіліктерді жою туралы 134 ұйғарым шығарылды, 15 жол белгісі ауыстырылып, орнатылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
13:03, 24 қыркүйек 2021
ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...