ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 3 600-ДЕН АСТАМ МАЛ АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚАМАЛДЫ

13:03, 3 тамыз 2021

«Облыста жыл басынан еркін жайылымда жүрген 3600-ден астам мал айып тұрағына қамалды. Бұл мал ұрлығының алдын алу үшін жасалынған шара», - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. Жалпы, 2021 жылдың қаңтар айынан төрт түлікті бағу қағидаларын бұзған 1358 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 432-сі ескерту алса, қалғанына айыппұл салынған. Айта өту керек өңірде бүгінгі таңда 230 айып тұрағы жұмыс істейді.

Биыл облыста 19 мал ұрлығы тіркеліп, қылмыскерлердің басым бөлігі ұсталды. Полицейлердің айтуынша ұрылар жылқыларды жайылымнан, ал, қойларды жазғы шашпалардан алып кетіп отырған. Олардың сөзінше мал ұрлығы жаз бен күз мезгілдерінде өрши түседі. Өйткені ауыл тұрғындары ұсақ мал мен ірі қараны жөнді бекітілмеген шашпаларда қалдырады. Бұл қаскөйлерге оңай олжа. Сондықтан полиейлер тұрғындардан елді мекеннен алыста жүрген падаларды қараусыз қалдырмауды, қоралар мен тұрақтарды жөндеп бекітуді, егер төрт түлігі қолды болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
13:03, 24 қыркүйек 2021
ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...