ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ Толығырақ

ОБЛЫСТА 4 АВТОКӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ

17:21, 26 қаңтар 2021

Петропавлда ауа райының қолайсыздығынан 4 автокөлік соқтығысты. Оқиға кеше сағат 9:30-да «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 956-шақырымында, облыс орталығынан шығар жолда болған.

Петропавлдан Бескөл ауылына бет алған Nissan Juke көлігі Volkswagen автокөлігіне соғылған. Кейін темір тұлпар авариялық белгісін қосып, жол шетіне тоқтауға мәжбүр болыпты. Одан соң Mercedes-Benz машинасын тізгіндеген 1969 жылы туған жүргізуші Nissan Juke-ке, кейін Toyota Land Cruiser Prado көлігіне барып соқтығысқан. Абырой болғанда жол апатынан зардап шеккендер жоқ.  Nissan Juke және Mercedes-Benz автомашиналарының жүргізушілеріне «Көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген, көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар процестік шешім қабылдау үшін әкімшілшік сотқа жіберіледі. Былтыр облыс аумағында 238 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның кесірінен 38 адам қаза тауып, 315-і жарақат алды. Ал жаңа жылдан 7 жол-көлік оқиғасында бір адам көз жұмып, 7-еуі жарақаттанды.

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ
13:04, 23 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛДА ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
13:06, 19 сәуір 2021
НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
20:50, 21 сәуір 2021
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Толығырақ...