ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ӨҢІРГЕ ІС САПАРМЕН ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЛДІ

17:20, 9 қараша 2021

Өңірге сервистік жұмыстың ауқымын тексеру үшін Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев келді. Полиция генерал-майоры модуль түріндегі полицияның стационарлық бекетіндегі жұмыстың ұйымдастырылуы және қызмет атқару жағдайын, Петропавл қаласы Полиция басқармасындағы «Азаматтарды қабылдау бөлмесін» көріп, сонымен қатар қалалық полиция батальонының кавалерия бөлімшесі мен СҚО Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының жұмысын тексерді.

- Видеорегистраторы рабочие? – Так точно. – Cбор информации там же? Потом вы вечером выгружаете? – Да, вечером. – Хорошо.

«Модуль 391» заманауи стационарлық бекеті орталық мәдени және демалыс саябағының кіреберісінде, Қазақстан Конституциясы мен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан. Жаңа форматтағы бекет 2020 жылдың аяғынан бастап жұмыс істеп келеді. Онда күн сайын екі ауысымда патрульдік полиция батальоны мен ювеналдық полиция қызметкері кезекшілік етеді. Ойын-сауық орындары, мәдени мекемелер, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары, сондай-ақ мектептер патрульмен қамтылған. Модульде 6 камера жұмыс істейді: 4 сыртқы және 2 ішкі. Бейнебақылау қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қосылған. Жалпы, жыл басынан бері кезекші бекет 180 аса құқық бұзушылықты анықтады. Мұндай модульдердің жұмысы – «халыққа жақын полиция» қағидатын іске асыру аясындағы маңызды факторлардың бірі. Негізгі басымдылық – азаматтарға кез келген мәселе бойынша көмек көрсетуді қамтамасыз ету. Модуль жұмыс істегелі оған мыңға жуық азамат жүгінген.

- За время работы сервиса принято 534 сообщения. Обработаны, какие-то списаны в наряд. По каким-то составлены адмпротокола. – Получается как он появляется загружается в базу? – Так точно. Имеется доступ в архив. Можно выгрузить, посмотреть архив. – Вот по направлению нарядов. Вот приняла. Потом? – Потом она передает ГУССу. – Здесь же скидывает? - Так точно. ГУСС уже распределяет наряды по территориальности.

СҚО полицейлері 10 айдың ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 20455 құқық бұзушылықты анықтады. Бұдан бөлек, Мұрат Баймұқашев облыс ішкі істер органдарының мәдени мұрасын жинақтау және сақтау жұмыстарымен айналысатын ведомство музейінің қызметкерлерімен кездесті. Сондай-ақ, полиция кавалериясы қызметінің, кинологиялық қызмет жұмысының ұйымдастырылуын көрді. Жұмыс сапары барысында Мамлют ауданы Новомихайловка  ауылындағы учаскелік полиция инспекторының қызметтік үй-жайымен біріктірілген учаскелік полиция пунктіне де барды.

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР
20:40, 26 қаңтар 2022
ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕР ӘЙЕЛДЕРДІ ТОНАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
17:21, 25 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТКЕР ӘЙЕЛДЕРДІ ТОНАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...