ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ПӘТЕРДЕН ПАКЕТКЕ ОРАЛҒАН ТАПАНША ТАБЫЛДЫ

20:40, 21 қыркүйек 2021

Облыста 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін жалғасатын «Участке» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Полицейлер оның аясында 1300 аса түрлі құқық бұзушылықты анықтады.

Айдың басынан бері облыстың учаскелік полиция инспекторлары 1700 аса мекенжайды, оның ішінде сотты болғандар, жанжалқойлар, тұрмысы төмен отбасылар және басқа да есепте тұрғандарды тексеріп шықты.

СЕЙІЛБЕК ЕЛЖАСОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мақсат - пәтер иелерін анықтау, мысалға жалға берілген пәтерлер бар сол пәтерлерді анықтау және бұрын сотталғандарды және есепте тұрған жасөспірімдерді тексеру.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Жедел-профилактикалық іс-шараның 20 күні ішінде тәртіп сақшылары үйден тыс сағат               23-тен кейін заңды өкілсіз жүрген 110 кәмелетке толмағанды анықтады. Бала тәрбиесіне немқұрайлық танытқан 66 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Полицейлер проблема тудыратын отбасыларымен әңгімесулер жүргізді. 

- Вы знаете, да, что есть статьи административного кодекса, за невыполнение обязанностей по воспитанию, содержанию своего несовершеннолетнего ребёнка вы можете быть привлечены к административной ответственности, а также лишены родительских прав. Поэтому нужно задуматься.

Петропавлдағы Бөкетов көшесінен жуырда пәтер сатып алған отбасы қол жуғыштың астынан тапанша салынған пакет тауып алған. Тәртіп сақшылары ерікті түрде тапсыру актісін толтырды. Бұл газды тапанша болып шықты, қару сараптамаға жіберілді.

- А сколько вы здесь живёте, давно? — Месяц.

Аудандық полицейлер шаруа қожалықтарын, қыстақтарды, ағаш кесетін орындарды да тексеріп жатыр. осылайша адам еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу. Тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларды қабылдау-тарату орындарына жеткізу, қару иелерін тексеру. Осының бәрі учаскелік инспектордың міндетіне жататын жұмыстар. Барлығы «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1300 аса түрлі құқық бұзушылық анықталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

АРМЕНИЯДАН ӘКЕЛІНГЕН 450 КӨЛІК ОБЛЫСТА ТІРКЕЛДІ
17:19, 26 қазан 2021
АРМЕНИЯДАН ӘКЕЛІНГЕН 450 КӨЛІК ОБЛЫСТА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...