ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛ САЯЖАЙЛАРЫН САЛТ АТТЫ САҚШЫЛАР КҮЗЕТІП ЖҮР

20:40, 3 мамыр 2022

Облыс орталығында орналасқан саяжай учаскелеріндегі қоғамдық тәртіпті қалалық полицияның кавалериялық бөлімшесі қамтамасыз етеді.  Салт аттылар қоғамдық тәртіпті, абаттандыру ережелерінің сақталуын қадағалап, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

 Кавалериялық бөлімше құрамында 13 қызметтік жылқы бар. Полицейлер оларды қыс бойы баптап, маусымға дайындады. Олар автокөлік өте алмайтын жерлерде, құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қамыс, ағаш арасында жүруге қолданылады. Қазір саяжайшылар учаскелерін көкөніс егу үшін дайындап жатыр. Тәртіп сақшылары сәуір айының ортасынан бастап кезекшілікке шыққан.

Саяжай маусымы қызған шақта мұнда жиындар жиілеп,  қараусыз қалған үйлер қаңғыбастардың мекеніне айналады. Қажет болған жағдайда кавалерия қызметкерлері патрульдік полиция батальонындағы әріптестерін шақырады. Үй-күйсіз жүргендер қабылдап-тарату орнына жеткізіледі. Заң бұзғандарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылады. Атқа мінген сақшыларды кез келген саяжай иесі «102» арнасы арқылы немесе өз учаскелік полиция инспекторымен байланысқа шығып, шақыра алады.

МЕЙІРБЕК ШАЛБАЙ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ПАТРУЛЬДІК-ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КАВАЛЕРИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ПОЛИЦЕЙ-КАВАЛЕРИСІ:

- Күн жылынып, көктем келісімен саяжай учаскелерінің иелері қыстан қалған қоқыстарын шығару үшін, аумақтарын ретке келтіріп жатыр. Осыған байланысты біздің жұмыс басталды. Күнделікті кезекшілікке шығамыз. Тәртіпті қадағалап, осы саяжай учаскелерінің төрағаларымен, күзетшілерімен бірігіп, жұмыс жасаймыз. Жақсы қарым-қатынастамыз.

 Полицейлер бағбандар мен қала сыртында демалуды ұнатындарға балаларына абай болуға, шаруашылық құралдары мен велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға кеңес береді.

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:32, 24 маусым 2022
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТ...
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ 12 КҮН ІШІНДЕ 54 МАС ЖҮРГІЗУШІ АНЫҚТАЛДЫ
20:40, 22 маусым 2022
ӨҢІРДЕ 12 КҮН ІШІНДЕ 54 МАС ЖҮРГІЗУШІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...