ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА 45 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ

20:35, 30 шілде 2021

Петропавл полиция басқармасының екінші полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады. Қала тұрғыны қос дөңгелекті көлікті үйдің кіреберісінен, қараусыз қалдырған жерінен ұрлап әкеткен. Жалпы Петропавлда жаз мезгілінде 45 велосипед ұрлығы тіркелді.

Петропавлдың екінші полиция бөліміне Интернационал көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінің кіреберісінен Hammer маркалы велосипед ұрланғаны туралы арыз түсті. Жәбірленуші темір тұлпарының ұрланғанын кешкі сағат сегіздер шамасында біліп, бірден полицияға жүгінген. Полицейлер қылмыс жасалған аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, нәтижесінде күдікті анықталып, көп ұзамай ұсталды.

  • Увидел открытый подъезд. Там были велики. Я зашел, взял, тот, который был не зацеплен, свободный он был. Я сел и уехал.

Ұсталған ер адам жұмысшы кентінің 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол сол күні мас болған. Кіреберістегі велосипедті еш қиындықсыз мініп кетіп, онымен үйіне дейін жеткен. Ал келесі күні ер адамды полицейлер ұстады.

ӘСЕТ МҰҚЫШЕВ,  ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

  • Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавлдың 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта аталған факті  ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды.

Полицейлер жас мезгілінде велосипедтерді дүкендердің, аулалардың және үйдің алдында қараусыз қалдырмауға шықарды. Көлікті айдап кетуге қарсы сенімді құрылғылармен жабдықтаған дұрыс, велосипедтің маркасы мен сериалық нөмірін білу керек.  Жыл басынан бері Петропавл қаласында 45 велосипед ұрлығы тіркелді. Олардың тең жартысы табылып, иелеріне қайтарылды

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
13:03, 24 қыркүйек 2021
ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...