ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

13:04, 23 сәуір 2021

Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері синтетикалық есірткі шығарып келген шағын лабораторияны жойды. Петропавлдың 26 жастағы тұрғыны оны жалдамалы пәтерде ұйымдастырған. Енді ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметі дайындаған бейнематериалға назар аударайық.

Жыл басында полицейлер назарына бірнеше жас жігіт ілігеді. Олар Петропавл аумағында синтетикалық есірткілерді таратып келген. 2 ақпан күні есірткіні жасырын орынға салып кеткен 26 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

  • Стоять! Полиция! Держи руки! Руки держи! Управление по противодействию наркопреступности капитан Муканов.

Тінту кезінде одан он бес түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама оның ең қауіпті синтетикалық есірткілердің бірі - «мефедрон» екенін көрсетті.

  • Понятые, ближе подойдите. В левом нижнем наружном кармане имеется вот такая вот… — Свёрток. — Свёрток зелёного цвета. Объяснить можете происхождение данного свёртка? — Происхождение? — Да. Откуда он у вас? — Это не моё.

Дей тұрғанымен, көп ұзамай ұсталған жігіт жедел уәкілдердің оның кәсібі туралы жақсы хабардар екенін түсініп, түсініктемелерін өзгертті.

Күдікті:

  • По району ходил, по частным домам, по всяким закоулкам ходил, раскладывал, в снег ложил и, получается, ну, вот так вот. — Закладки делал то есть, да? — Ага. — А где брал всё это? — Через интернет.

 

Полицейлер 26 жастағы тағы бір қала тұрғынын ұстады. Ол сатушы болып шықты. Жігіттің жалдамалы пәтерінен полицейлер есірткі жасауға арналған құрал-жабдықты және сатуға дайын тұрған 160 гр. синтетикалық есірткіні тәркіледі.  Синтетикалық есірткі үшін аса ірі мөлшер үш грамнан басталады, бұл синтетикалық есірткілердің қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді. 

Жандос Басыбаев, СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

  • Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалдыҰсталғандар Петропавл қ. Полиция басқармасының уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды.

Баппен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Басты фигурант есірткі сататын интернет-дүкеннің жұмысын жүргізді деген күдікке ілінген.  Жалдамалы пәтерден індетке қарсы костюмдер, салатын материалдар, таразы, синтетикалық есірткіні жасауға қажетті сұйық компоненттер табылды, яғни шағын лабораторияны ұйымдастырғандары анық көрінді. Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер осымен екінші есірткі лабораториясын әшкереледі.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
20:44, 17 мамыр 2021
ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА БАСТАУ АЛДЫ
13:04, 14 мамыр 2021
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...