ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ҮЗДІК УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ АНЫҚТАЛДЫ

20:41, 26 қараша 2021

13 "тірек" пунктіне қарайтын  88 учаскелік полиция  облыс орталығында қоғамдық тәртіпті күзетеді. Қалалық полиция басқармасында қызметте кәсіби шеберлік пен тиімділікті арттыру мақсатында жыл сайын «Үздік учаскелік полиция инспекторы байқауы өткізіледі.

Дене шынықтыру және теориялық дайындық. Байқауға 12 ең білікті және кәсіби учаскелік инспекторлар қатысып, өзара үздікті анықтады. Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармаларының офицерлері тирда нысанамен тапаншадан атудан сыналды. 8 оқты 12 секунд ішінде қолданулары керек. Барлық учаскелік инспекторлар жаттығуларды жақсы көрсеткіштермен аяқтады. Екінші кезең: дене шынықтыру. 100 және 1000 метрге жүгіру, тартылу.

Әбілқайыр Қазжан, Петропавл қ. Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы :

  • Бұндай байқауға өзім алғаш рет қатысып отырмын. Бүгін тапаншадан оқ ату бойынша жаттығу өткізілді. Үздік көрсеткіш көрсеттімНегізі, менің ойымша мұндай конкурстар жиі өткізіліп тұруы қажет. Мұндай байқаулардың арқасында жеке құрамның жұмысқа деген талпынысы арта түседі деп есептеймін.

Қорытынды кезеңде заңнаманы білуден тестілеу болды.  Ел Конституциясы, заңдары, Әдеп кодексі - әрбір блок бойынша 10 сұраққа жауап берді.

 ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

  • Ел Президентінің Жолдауын жүзеге асыру аясында жергілікті полиция қызметін кезең-кезеңмен реформалау және жұмыстың сервистік моделіне көшу жүріп жатыр. Бұл жұмыста учаскелік полиция инспекторларына ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта Ішкі істер министрлігі 2021 жылды "құқық бұзушылықтардың алдын алу және "полицияның қадамдық қолжетімділігі"қағидатын қамтамасыз ету жылы" деп жариялады. Полиция басқармасы қалалық жердегі ең үздік учаскелік инспекторлардың конкурсын өткізеді.

Байқау қорытындысы бойынша учаскелік полиция инспекторы Шыңғысхан Бекенов үшінші орынға ие болды. Екінші орынды полиция аға лейтенанты Медет Темербеков жеңіп алды. Петропавл қаласының үздік учаскелік инспекторы болып № 2 учаскелік полиция пунктінің аумағына қызмет көрсететін полиция капитаны Дархан Жұмағали танылды. Жүлдегерлер кубоктармен және грамоталармен марапатталды. Ал байқаудың жеңімпазы Дархан Жұмағали желтоқсан айының басында Елордаға барып, республикалық учаскелік инспекторлар байқауында өңір полициясының намысын қорғамақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...