ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ЖОЛ АПАТЫНАН БІР АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

17:20, 23 қараша 2021

23-ші қараша күні таңғы сегіздер шамасында «102» жедел арнасына Петропавл сыртындағы айналма жолда «LADA Largus» және «Урал» жүк көліктерінің соқтығысқаны туралы хабар түсті.

Тәртіп сақшыларына куәгерлер қоңырау шалған. Жол апатында  алынған жарақаттардан «LADA Largus» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.  Соңғы үш күнде өңір жолдарында үш жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан екі адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты. Қолайсыз ауа райына және көктайғаққа байланысты полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жолдарда сақ болып, Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу аясында жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталмақ. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
20:48, 2 желтоқсан 2021
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
20:42, 30 қараша 2021
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...