ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙ ЗЕЙНЕТКЕРДІ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ

17:21, 21 қаңтар 2022

Облыстың полиция қызметкері зейнеткерді өрттен аман алып қалды. Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында 17 қаңтар күні болған түнгі оқиға қайғылы аяқтала жаздады. Егер батыл көршім болмағанда, өзім өрттен шыға алмайтын едім дейді зейнеткер.

Полицей Рүстем Кәрім түннің бір уағында сырттағы шудан оянады. Терезеден жалынды байқаған ол, шатырдың жанып жатқанын бірден түсінеді. Құжаттары мен бағалы заттарын тез жинап, Рүстем мен жұбайы және екі жасар қызы пәтерден жүгіріп шығады. Өртке орған үйдің екінші жартысында зейнеткер әжейдің тұратынын білетін офицер бірден көмекке асықты. Кіреберіс есік өртке оранғандықтан ішке ене алмай, терезені сындырып кірген ол, қою түтіннің ішінен үй иесін тауып алады. Әжей өз бетімен қозғала алмаған. «Мен жалғыз тұрамын, өрт басталғанда ұйықтап жатқанмын. Рүстем үйге кіріп, мені тауып алды. Оған дейін улы газды жұтып үлгердім, демалуға қиын болды. Рүстем мені жалындап жатқан үйден қауіпсіз жерге алып шықты», - деп алғысын білдірді Валентина Васильевна аудандық полиция бөлімінің және облыстық ПД басшылығына жазған хатында.  Жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады, алайда шатырды аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір зейнеткер осы ауылдағы ұлдарының үйінде тұрып жатыр. Көші-қон қызметінің қызметкері 27 жастағы полиция лейтенанты Рүстем Кәрім Айыртау ауданының полиция бөлімінде 6 жылдай қызмет атқарады. Ол өз мамандығын мақтан тұтады және кез келген офицердің, еш ойланбастан осындай әрекет жасайтынына сенімді.

Рүстем Кәрім,Айыртау аудандық полиция бөлімінің инспекторы:

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:32, 24 маусым 2022
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТ...
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ 12 КҮН ІШІНДЕ 54 МАС ЖҮРГІЗУШІ АНЫҚТАЛДЫ
20:40, 22 маусым 2022
ӨҢІРДЕ 12 КҮН ІШІНДЕ 54 МАС ЖҮРГІЗУШІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...