Отан қорғаушылар күні және Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында полиция департаменті жеке құрамының ер азаматтары арасында "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті. Офицерлер мен сержанттар білімдерін, шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін көрсетіп, түрлі тапсырмаларды орындады. Байқауда мемлекеттік тілге басымдық берілді.
Байқаудың бірінші кезеңі спорттық сынақтардан тұрды. Мергендік, жылдамдық және төзімділікті көрсеткен жігіттер, зияткерлік және шығармашылық қырларынан да танылды. Әндері, өлеңдері, костюмдері арқылы қатысушылар қазақ халқы мәдениетінің сан алуандығы мен байлығын көрсете білді.
ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
- Негізі жігіттердің дайындықтары өте тамаша. Спорттық сайыстарда өздерінің өнерлерін, білімдерін көрсетті. Жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Білектің күшін ғана емес, парасаттылықтарын, пайымдылықтарын, қазақ тілін жетік меңгергенін, салт-дәстүр жағынан білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, мерекелік, ұлттық құндлылықтарға байланысты сұрақтар қойылды. Осыған да біз жігіттерден тұшымды жауаптар алдық.
Көрермендерді СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисті Ниязбек Қожахметов таң қалдырды, ол бала кезінде қамшы өру өнерін қалай меңгергенін айтып берді. Офицер сахнада тоқу тәсілдерін көрсетті.
Қазақ классиктерінің өлеңдерін оқу, сондай-ақ халық әндерін орындау да көптің көңілінен шықты.
ӘЛІШЕР ЖАРКЕН, СҚО ПД АЙДАУЫЛДАУ ҚЫЗМЕТІ ВЗВОДЫНЫҢ АЙДАУЫЛДАУШЫ ПОЛИЦЕЙІ:
"Жігіт сұлтаны" байқауының қорытындысы бойынша үшінші орынды полиция инспекторы Серік Әбілғазинов иеленді. Екінші орынды полиция майоры Ниязбек Қожахметов жеңіп алса, Жігіт сұлтаны болып айдауылдау қызметі взводының полицей-айдауылшысы Әлішер Жаркен танылды. Сонымен қатар, "Өнерлі жігіт", "Білімді жүзден озар" "Жеңіске деген жігері үшін""Сегіз қырлы, бір сырлы" аталымдары бойынша да қатысушылар марапатталды.