ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

20:44, 17 мамыр 2021

Петропавл қаласының құрметті азаматы, облыстық полиция ардагері Сұраған Көпеевті Халықаралық отбасы күнімен облыстық полиция ведомствосының ардагерлер кеңесі құттықтады.

Сұраған Мырзахметұлының жасы 85-те. Соған қарамастан ақсақал зейнет демалысына тек осы жылы кетті. Бұған дейін, екі мыңыншы жылдардың ортасынан бастап Полиция Департаментінің Ардагерлер ұйымын басқарды, тәртіптік комиссияның тұрақты мүшесі болды.Петропавлдың құрметті азаматы әріптестері арасында, жас буын өкілдеріне адал, батыл әрі білікті маман ретінде танылды. Бұрыңғы әріптестері оны халақаралық отбасы күнімен құттықтап келді. Сұраған Көпеев жары Меңшік Байделдіновнамен шаңырақ құрғалы 60 жылдан асты.

СҰРАҒАН КӨПЕЕВ, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ, ПЕТРОПАВЛДЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

Сұраған атамыз бен Меңшік әжеміз екі ұл мен 1 қызды өсіріп, тәрбиеледі. Бүгінде 6 немеренің қызығын көріп отыр. Немере-жиендердің кейбірі ата ізін қуып, құқық қорғау қызметінде еңбек етіп жатыр. Солардың бірі Дана - полиция аға лейтенанты, Петропавл қ. ПБ жедел басқару орталығының инспекторы. Оның сіңлісі де қазіргі таңда заңгер мамандығын меңгеріп жатыр.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
17:17, 10 маусым 2021
СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...