ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

20:40, 27 сәуір 2021

Облыс орталығында түстен кейін Батыр Баян көшесіндегі жанармай құю бекетінің павильонына қолында бұрағышы бар ер адам баса көктеп кіріп, ақша талап  ете бастаған. Абырой болғанда кассир дабыл түймесін басып үлгереді.  Оқиға орын алған жерге күзет ұйымының экипажы келіп, баукеспені қолға түсіріп, полицейлерге тапсырды. Бұл - тәртіп сақшылары ұйымдастырған арнайы оқу жаттығу жиынының сценарийі.

Тонаудың алдын-алу мақсатында полициейлер профилактикалық іс-шаралар жұмыстарын жүргізеді. Күзетшілердің қызметтерін пайдалану, бейнекамералар мен сигнализация орнату қажеттілігі туралы ұсынымдар айтып қана қоймай, полиция департаментінің қызметкерлері оқу-жаттығу сабақтарын өткізеді.

Руслан Даньяров, СҚО ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы:

  • Күзетілетін объектілерде осындай сабақтар жиі ұйымдастырылып тұрады. Оның басты мақсаты- баукеспелер жанармай құя бекеттеріне шабуыл жасаған кезде күзет экипажының жылдам әрекет етуі пысықталады.

Соңғы үш айда осы сценарий бойынша 5 оқу-жаттығу сабағы өткізілген. Жалпы, СҚО ПД күзет қызметін бақылау бөлімінде 100-ден астам жеке күзет ұйымдары есепте тұр. Күзетшілер саны-1588 адам. Олар 4718 нысанды күзету бойынша қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері облыста жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері 5 қылмысты ашуға қатысты. 70 адам ұсталып, органдарға жеткізілді. Сондай-ақ 70 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, күзетілетін объектілерде 12 ұрлық пен құқық бұзушылықтың алдын алынған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
20:44, 17 мамыр 2021
ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА БАСТАУ АЛДЫ
13:04, 14 мамыр 2021
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...