ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ СЫЙЛЫҒЫ

20:38, 1 маусым 2022

Мұражайға экскурсия, кинологиялық қызмет пен кавалериялық бөлімшеге бару, сондай-ақ Гала – концерт. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық полиция департаменті әйелдер кеңесі офицерлермен бірге балалар үшін қызықты және танымдық бағдарлама ұйымдастырды.

 Облыстық полиция ғимаратының алды құстарға арналған ұялар мен безендірілген. Оларды "балалар жылы" аясында жаздың бірінші күні полиция қызметкерлерінің ұлдары мен қыздары өздері істеп  орнатты. Сондай-ақ балалар мұражайға, кинологиялық қызмет орталығына экскурсияға барды.

СӘУЛЕ АНДАҒҰЛОВА, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз бұл қамсыз балалық шақтың біздің балаларымызда мүмкіндігінше ұзақ болуын қалаймыз. Сондықтан барлық балаларды осы іс-шараларға қатысуға шақырамыз. Мереке есте қаларлықтай өтуі тиіс. Біздің іс-шара Гала-концертпен аяқталады.

Кинологиялық орталықта қызметтік Грета атты іздестіру иті – кинолог, полиция сержанты Александр Борисенконың бұйрықтарын бұлжытпай орындады.  Кавалерия бөлімшесінде балалар атқа мінді. Сондай-ақ, жедел әрекет ету арнайы жасағының жауынгерлері жас қонақтарға қарулы қылмыскерлерді ұстау бойынша көрнекі іс-қимылдарды көрсетті. Соңы мерекелік концертке ұласты.   Оған 6 жастан 14 жасқа дейінгі 20-дан астам бала қатысты. Соңында өлеңдер оқып,  ұлттық музыкалық аспаптарда ойнады, ән айтып, би биледі. Гала-концерттің қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен марапатталды. Осыған ұқсас мерекелік іс-шара өңірдің аумақтық полиция бөлімшелерінде де өтті.

Ал, қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны автопаркінде ашық есік күні өтті. Патрульдік полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде алдын ала хабарландыру берді. Нәтижесінде, 1 маусымда оларға ондаған жас петропавлдық қонаққа келді.

Тақырып бойынша материалдар

КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ
13:00, 19 шілде 2022
КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар