ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚ ӨТТІ

17:22, 14 қазан 2021

Петропавл қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері үшін психологтар спорттық жарыс түріндегі психологиялық сабақ ұйымдастырды. Тренингтер, жеке әңгімелесулер, кеңестер, спорттық іс-шаралар – бұл облыстық ПД инспектор-психологтарының жұмыс барысында қолданатын тиімді құралдары, олардың көмегімен облыс полицейлерінің күйзеліске төзімділіктерін дамытады.

Жас қызметкерлер үшін шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Спорт алаңында Петропавл қ. ПБ кавалерия бөлімшесінің қызметкерлері мен патрульдік полиция батальонының екі ротасы бақ сынасты. Қатысушылар командалық рухты, ұйымшылдықты, жылдам әрекет етуді және іс-әрекеттерді үйлестірудегі қабілеттерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды кавалерия қызметкерлері иеленсе, екінші, үшінші орындарды ППБ 1-ші және 3-ші роталары бөлісті. Командалар естелік кубоктармен және грамоталармен марапатталды. Жыл басынан инспектор-психологтар 335 жеке кеңес, 250 жеке және 66 топтық сеанс, экстремалдық жағдайлардағы іс-қимылдарға психологиялық әзірлік бойынша 138 түрлі тренинг, дәрістер мен әңгімелер өткізді.

САҒЫНДЫҚ ТЕМІРЕЕВҒ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ :

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН 10 ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ
13:04, 21 қазан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН 10 ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ ҮЙІНДЕ МАРИХУАНА ӨСІРГЕН
17:27, 20 қазан 2021
ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ ҮЙІНДЕ МАРИХУАНА ӨСІРГЕН
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...