ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР

20:40, 26 қаңтар 2022

Учаскелік  полиция инспекторлары есепте тұрған адамдар мен тұрмысы төмен отбасыларға тексерісті күшейтті. Полицейлер бұған дейін спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланумен көзге түскен адамдардың тұрғылықты жеріне барып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізеді.

- Спирттік ішімдіктерді асыра пайдалансыз ба? – Маскүнем!!! – Міне, көрдіңіз бе - өзіңіз мойындап отырсыз. Бұны ауру деп санайсыз ба? – Бұл...

 Ауыр қылмыстар, жазатайым оқиғалар, өрт және басқа да жағдайлар алкогольді ішімдікті асыра пайдаланудан болады. Сырт көзге аса байқала бермейтін маңызды және мамандардың қатысуын аса талап ететін тағы бір мәселе - ол отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылық.  Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары отбасындағы жағдай дұрысталар деген сеніммен бірден полицияға жүгіне бермейді. Осы қылмыстардың уақтылы алдын алу мақсатында жергілікті полиция  қызметкерлері ұдайы жедел-профилактикалық іс-шаралар, рейдтер мен акциялар өткізеді.

Айгүл Кәрімова, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:

- Ағымдағы жылдың 24-ші қантарынан 30 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында "Тұрмыс" жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Бұл шараны өткізілу басты мақсаты отбасылық-тұрмыстық саладағы мас күйінде жасалатын қылмыстар және құқықбұзушылықтардың алдын алу сонымен қатар тізімділік, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды барынша тексеріспен қамту болып табылады.

 «Тұрмыс» операциясының екі күні ішінде облыс полицейлері тұрғылықты жері бойынша 1200-ден аса есепте тұрған адамды, 112 нашақорды, 170 тұрмысы төмен отбасыны тексерді. Нәтижесінде 198 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Профилактикалық есепке 165 адам қойылды. Бұдан бөлек, Мамлют ауданының полиция бөлімі қызметкерлері дүкенде 630 литрге жуық спирттік ішімдік сақтау фактісін анықтады. Кәсіпкердің өнімді сатуға тиісті лицензиясы болмаған. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметі басқармасы мамандары, егер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда бірден полицияға, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлініске немесе учаскелік инспекторларға хабарлау қажеттігін атап өтті. Уақтылы полицияға жүгіну келеңсіздік пен қылмыстың алдын алуға септігін тигізеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...