ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН Толығырақ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЕРЛІГІ

20:47, 9 маусым 2021

Петропавлдық полицей суға батып бара жатқан екі адамды құтқарды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті басшылығының атына келіп түскен алғыс хаттан белгілі болды.

Мамыр айының соңында бірінші полиция бөлімі кезекшісінің көмекшісі Мейірман Төлебаев Есіл өзені жақтан адамдардың көмекке шақырған даусын естіген. Оқиға орнына жеткен аға сержант суға батып жатқан адамдарды көреді. Бірден көмекке келіп, судан жас қызды шығарды. Содан соң, Мейірман мен қыз бала суға батып, есін жоғалтқан ер адамды алып шығады.  Жас полицей қала тұрғынын жасанды тыныс алдыры, жүрек массажын жасаған.

МЕЙІРМАН ТӨЛЕУБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ КЕЗЕКШІСІНІҢ КӨМЕКШІСІ:

- Алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң ер адамның жағдайы біртіндеп жақсарды. Демалушылар шақырған жедел жәрдем бригадасы оны 3 қалалық ауруханаға реанимация бөліміне жеткізді.

Сол күні өзенге демалуға келген 40 жастағы ер адам көмек сұраған 16 жастағы қызды құтқаруға тырысып, өзі суға кете жаздады. Ер адам құтқарылғаннан кейін 10 күннен астам дәрігерлердің қарауында болып, жансақтау бөлімшесінде жатты.   

ГАЛИНА КАРЫМСАКОВА, ЗАРДАП ШЕГУШІНІҢ АНАСЫ:

- Ұлымның екі баласы бар. Жедел жәрдем бигадасын шақырған уақытта ұлым дем алмады. мен жағалауда айқайлаған адамдарға және алғашқы көмек көрсеткен Мейірманға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.

Зардап шеккендердің туыстары  облыстық полиция басшылығына алғыс сөздерін жеткізді.  Мейірман Төлебаев ішкі істер органдарында шамамен 5 жыл жұмыс істейді. 24 жастағы полицейдің әрекеті әріптестеріне үлгі.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРУМЕН КӨШЕ КЕЗГЕН МАС ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ
13:05, 3 тамыз 2021
ҚАРУМЕН КӨШЕ КЕЗГЕН МАС ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 3 600-ДЕН АСТАМ МАЛ АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚАМАЛДЫ
13:03, 3 тамыз 2021
ОБЛЫСТА 3 600-ДЕН АСТАМ МАЛ АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚАМАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА 45 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
20:35, 30 шілде 2021
ПЕТРОПАВЛДА 45 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...