ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Толығырақ

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН

20:42, 18 ақпан 2021

Облыста синтетикалық есірткі тұтынушылар саны көбейіп келеді. Мамандардың айтуынша, егер 2017 жылы каннабиноидтардың бұл түрі, есірткі қылмыстарының жалпы санының 2% - ын құраса,  2020 жылы ол 40% - ға жетті. Мұндай есірткіні пайдалану өмірге қауіпті. Тілшіміздің бейнематериалы.

Синтетикалық есірткі- бұл жасанды түрде алынған психоактивті заттар, күшті тәуелділікті тудырады, физикалық және психикалық денсаулыққа қатты соққы береді. Есірткінің бұл түрі тез таралуда, әсіресе жастар арасында үлкен сұранысқа ие. 2020 жылы заңсыз айналымнан 2 кг. "синтетика" тәркіленді, бұл 20 000 дозаны құрайды. Биылдыққа есірткіні сатудың 49 фактісі тіркелді. Олардың шамамен 70% синтетикалық препараттарға қатысты.  

ЖАНДОС БАСЫБАЕВ, ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Синтетикалық препараттар ағзада жинала береді, бұл ғылыми дәлелденген. Каннабиноидті қолданатын адамдардың психикасы бұзылады, денсаулығына зақым келеді. Бұл - адам өміріне балта шабумен тең.

Мамандардың айтуынша, синтетикалық есірткінің құрамын оны жасаушылар  үнемі өзгертіп отырады. Осылайша Қазақстанда тыйым салынбаған препараттан жасалуы мүмкін. Есірткінің бұл түрі әлеуметтік желі арқылы сатылып, қолжетімді жерге: үйлердің кіреберістеріне, қоқыс жәшіктерінің қасына , тағы басқа оңай жерлерге жасырылуы мүмкін. Тәртіп сақшылары оларға тосқауыл қою үшін жиі рейдтер өткізіп, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізеді. Осындай жұмыстың нәтижесінде былтыр есірткі дүкендерінің 379 жарнамасы өшірілді.

ЖАНДОС БАСЫБАЕВ, ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Біздің департамент әлеуметтік желілерде аккаунттар құрды, онда біз есірткі зияны жайлы, түрлері туралы және осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат береміз. Сондай-ақ, бізде көшбасшы айдары бар, оған біздің облыстың атақты адамдарын шақырамыз. Олар қол жеткізген жетістіктері туралы айтып, жастарға тәлім береді.

Көз қарашығының үлкеюі, ауыздың кебуі, жүрек қағысының жиілеуі, суық қол, тамаққа зауықтың болмауы және ашуланшақтық – бұл синтетикалық есірткіні тұтынатындарда кездесетін белгілер. Таныс-туыстарыңызда осы белгілерді байқайтын болсаңыздар бірден мамандарға жүгіну қажет. Жалпы былтыр 18-25 жас аралығында 23 адам синтетикалық есірткіні таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Денсаулық сақтау басқармасының есебінде нашақор ретінде 534 адам тұр. Олардың екеуі жасөспірім.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
13:01, 5 наурыз 2021
ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:31, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...