ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

СҚО ПД 20 ҰЛТ ӨКІЛІ ЕҢБЕК ЕТЕДІ

20:41, 30 сәуір 2021

СҚО-да Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында 8 полиция ардагері мен қоғамның белсенді өкілі марапатқа ие болды. Мемлекетіміз қаншалықты көп ұлтты болса, департаментте  20  ұлттың өкілі  еңбек етіп келеді. Тілі мен діні бөлек болса да, оларды отанға дегн сүйіспеншілік , қызметке деген адалдық біріктіреді. Бірлік күніне орай ұйымдастырылған шара жайында келесі материалдан көре аласыздар.

Салтанатты жиын Полиция департаментінің акті залында өтті. Іс-шараға басшылық пен жеке құрам, солтүстікқазақстандық полиция ардагерлері мен қоғамның белсенді өкілдері қатысты.

  • Только в ДП служат более 20 национальностей которых объединяют общие ценности: это согласие дружба и взаимное уважение друг к другу. Все они бок о бок работают на благо безопасности своих граждан...

Қазақстан халқы бірлігі күнін мерекелеу – жас полицейлерге патриоттық тәрбие беруде аса маңызды. Іс-шарада ардагерлер марапатталды, олар зейнет демалысында болса да, ведомствомен байланыстарын үзбей, тәрбие жұмысына үлестерін қосуда. Олардың ішінде облыстық әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы Чингиз Курбанов та бар.

Чингиз Курбанов, ІІО ардагері, облыстық әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы:

  • Мен ішкі істер органдарының ардагерімін, бүгін таныс, жаныма жақын адамдарымен осында отырғаныма қуаныштымын. Департамент басшылығы Марат Сағынтайұлы Қазақстан халқы бірлігі күніне орай ардагерлерді медальдармен марапаттады.

Бұдан бөлек, ішкі істер органдарының жеті ардагері құрмет грамоталарымен және естелік медальдармен марапатталды.

Валерий Вернигоров, ІІО ардагері:

  • 30 жыл ішкі істер органдарында қызмет еттім, 20 жыл қалалық Полиция басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы болдым. Бүгін медальмен марапатталдым. Өте қуаныштымын, барлық солтүстікқазақстандықтарды, барша қазақстандықтарды Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын.

Іс-шара СҚО Полиция департаменті мәдени орталығы өнерпаздарының концертімен аяқталды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
20:44, 17 мамыр 2021
ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА БАСТАУ АЛДЫ
13:04, 14 мамыр 2021
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...