ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ

17:17, 10 маусым 2021

СҚО полицейлері Қызылжар ауданы тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана тәркіледі. Бескөл тұрғыны есірткіні жеңіл көліктің жүксалғышына жасырған екен. Үйін тексеру кезінде тағы екі полимер пакетке оралған зат пен таразы табылды.

Тәртіп сақшылары Қызылжар ауданының 40 жастағы  тұрғынының көлігінен есірткі тапты.  Күдікті Петропавл қаласында болған. Оның «Subaru Legacy» автокөлігінің  жүксалғышынан полицейлер скотчпен оралған пакетті анықтады.

  • Видим, что внутри данного пакета находится вещество растительного происхождения, зелёного цвета, с листочками, с плодами.

Сараптама нәтижесі көрсеткендей тәркіленген зат салмағы 4 кг 960 гр кептірілген марихуана болып шықты. Бұл аса ірі көлемге жатады. Сондай ақ күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан  екі полимер пакеттке оралған зат пен таразы табылды. Заңсыз есірткі сату фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Күдікті қамауға алынды.

Руслан Үмбетов, СҚО ПД басқармасының аға жедел уәкілі:

  • Аталмыш факті ҚР ҚК 296 бабының 4-ші бөлімі бойынша тіркелді. Яғни, ірі көлемдегі есіртікі затын айналымға шығару. Қазіргі кезде күдіктінің өзге есірткі саудасына қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Елімізде есірткі сатқаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жыл басынан бері солтүстікқаазақстандық  полицейлер есірткіні заңсыз сатуға байланысты 10 күдіктіге қатысты 13 қылмыстық істі сотқа жіберді. 114 кг астам түрлі есіріткі заты тәркіленді.  

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЙЫҚТА ҰЙЫҚТАП КЕТКЕН БАЛЫҚШЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
20:42, 7 маусым 2021
ҚАЙЫҚТА ҰЙЫҚТАП КЕТКЕН БАЛЫҚШЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...