ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

СҚО ПОЛИЦИЯСЫНДА 122 ТЕРГЕУШІ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

20:44, 6 сәуір 2021

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ведомствоның аппараттық кеңесінде екі тергеуші мен екі қызмет ардагерін марапаттады. Тағы екі қызметкер кезекті арнаулы атақтарын алды. Барлық марапатталғандар полицияның тергеу бөліністерінде еңбек етеді.

58 жыл бұрын 6 сәуір күні жарлық шығып, алдын ала тергеу құқығы ІІМ берілген болатын. Аппараттық кеңесті ашқан Марат Төлебаев солтүстікқазақстандық полицияның тергеушілерін елеулі күнмен құттықтады. Ол тергеу жоғары теориялық білімді, өзін үнемі жетілдіру, сондай-ақ психологиялық шыдамдылықты талап ететін жетекші қызметтердің бірі екенін атап өтті. Облыста 122 тергеуші қызмет етеді, оның 21 –і облыстық аппаратқа қарайды. Мұнда ауыр, аса ауыр және резонанстық қылмыстар тергеледі.

Марат Төлебаев, СҚО Полиция департаменті бастығы:

  • Дәлдікпен кінәні дәлелдеу, кәсіби түрде заттай дәлелдемелермен не дәлелдерсіз жұмыс істеу – үлкен еңбек. Баршаңызға сабыр, табандылық және сәттілік тілеймін.

Қызметте табысқа қол жеткізгендері үшін жас қызметкерлер - Петропавл қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Баян Досжанова және Айыртау ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Уәлихан Мұхтаров алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, ардагерлер - Атымтай Аманжол және Күлбарам Бакеноваға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, «полиция подполковнигі» арнаулы атағын аға тергеушілер Әсел Даркеева және Әлия Ешпенова алды.

Әлия Ешпенова, Петропавл қ. Полиция бөлімінің аға тергеушісі:

  • Тергеу органдарында 2006 жылдан бастап қызмет атқарамын.  Бірінші полиция бөлімінде тергеуші болып бастадым. Меншікке қарсы қылмыстарды тергедім. Бірінші полиция бөлімінен басқа қалалық полиция басқармасында, Полиция департаментінде, Есірткі бизнесіне қарсы басқармасында істедім. Бүгін біздің кәсіби мерекеміз – Тергеуші күні. Барлық әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жеңіл істер тілеймін.  Қазір істер электронды форматта тергеледі, заңнама өзгерді. Оларға негізгі шешімдерінің қадағалаушы прокурорлармен уақтылы әрі жедел шешілуін тілеймін.

Соңғы жылдары ІІМ бастамасымен дамыған елдердің әдісі бойынша қылмыстық сала жаңғыртылып жатыр. Полиция, прокуратура және сот органдары өзара өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерін бөліп, қылмыстық процестің үшбуынды моделін енгізбек. ІІМ жүйесіне цифрландыруды кіргізу алғашқы кезекте тергеушілер жұмысымен  байланысты болды. Бүгінгі күні облыстық полиция бөліністерінде қылмыстық істердің 83,2% электронды форматта  тергелуде, өткен жылғы желтоқсанда бұл көрсеткіш 50%-дан сәл ғана асқан.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН АСЫРАП, БАҒУ ТАЛАПТАРЫ БАҚЫЛАУДА
20:42, 16 сәуір 2021
ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН АСЫРАП, БАҒУ ТАЛАПТАРЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
МАС КҮЙДЕ КӨЛІКТІ АЙДАП ӘКЕТКЕН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ
20:39, 15 сәуір 2021
МАС КҮЙДЕ КӨЛІКТІ АЙДАП ӘКЕТКЕН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...