ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

СҚО ТҰРҒЫНЫ ҚОЛДАН ГРАНАТА ЖАСАҒАН

20:50, 9 маусым 2021

СҚО-да ауыл тұрғынынан қолдан жасалған граната тәркіленді. Шал ақын ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 63 жастағы ауыл тұрғынынан ерекше арсенал тапқан. Сергеевкаға келген Тимирязев ауданының азаматынан  полицейлер пышақ пен тұтатқышы бар металл түтіктерді тәркіледі. Тексеру барысында ер адамның үйінен жарылғыш құрылғылар жасауға арналған басқа да заттар, сондай-ақ патрондар мен қолдан жасалған екі граната анықталды.

Сараптама қолдан жасалған граната түріндегі бұл жарылғыш құрылғылардың  жарылғыш және күйдіргіш әсері бар жауынгерлік қару-жарақтарға жататынын растады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.  Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шал ақын ауданының соты күдіктіні қамауға алуға санкция берді.

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
17:17, 10 маусым 2021
СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
Толығырақ...
ҚАЙЫҚТА ҰЙЫҚТАП КЕТКЕН БАЛЫҚШЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
20:42, 7 маусым 2021
ҚАЙЫҚТА ҰЙЫҚТАП КЕТКЕН БАЛЫҚШЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...