ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

СКУТЕР МІНГЕН ҰРЫЛАР ҰСТАЛДЫ

20:44, 10 қыркүйек 2021

Петропавлда скутер мінген қарақшылар ұсталды. Олар түнде көшеде кетіп бара жатқан тұрғынның ұялы телефонын тартып әкеткен. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі әзірлеген сюжетке назар аударайық. 

Қыркүйектің 8-іне қараған түні Петропавлдағы Батыр Баян көшесінде белгісіз біреулер қала тұрғынын тонап кеткен.  Сағат 23:30 шамасында ол қонақтан келе жатып, жолда ұялы телефонымен жақынына қоңырау шалмақшы болады. Осы кезде белгісіз қылмыскер оның телефонын қолынан жұлып алып, келе жатқан скутерге лезде мініп кеткен. Жәбірленуші олардың  жүздерін көріп үлгермейді.  Бірақ қылмыс  бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Екінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері ұрылардың жүрген жолын тексерді. Нәтижесінде күдіктілер тез арада анықталды. Олар 18 және 15 жастағы екі қала тұрғыны болып шықты. Ұрланған зат тәркіленіп, иесіне табысталды.

Райымбек Мусанов, Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің жедел уәкілі:

Мопедтің иесі, кәмелетке толмаған күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір қалалық полиция басқармасының ювеналды полицейлері оны арнайы білім беру мекемесіне жіберу мәселесін шешіп жатыр. Полиция бейнебақылау камералары жедел уәкілдердің, учаскелік және патрульдердің сенімді құралы екенін атап өтті. Жыл басынан бері Петропавлда камералардың көмегімен 12 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 10 мыңға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу, сондай-ақ қылмыстарды ашуға ықпал ететін 128 факті анықталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
13:03, 24 қыркүйек 2021
ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...