ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА КОРОНАВИРУС ІНДЕТІН 3-ШІ АДАМ ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

ТАЙЫНША АУДАНЫНДА ШАҚАЛАҚТЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

20:45, 26 ақпан 2020

Тайынша ауданына қарасты Обуховка елді мекенінде шақалақтың денесі табылды. Сәбидің өліміне анасы күдіктелуде. Ауылдың 28 жастағы  тұрғыны о бастан екіқабат екенін жақындарынан жасырып келген. Кейін үйінде өзі босанып, сәбиіне қол жұмсап, оның денесін үй ауласындағы қоралардың біріне көміп тастапты.

Алайда өзін жайсыз сезінген келіншек, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Аудандық аурахана дәрігерлері келіншектің жас босанған ана екенін біліп, бірден  полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары  пакетке салынған шақалақты көмілген жерінен тапты. Сәбидің денесінде күш көрсету белгілері болған. Осы оқиғаға ибайланысты қылмыстық іс қозғалды.

СӘН ЖҰМАҒАЗИНА, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Аталған фактіні тексеру үшін полиция бөліміне және аудандық прокуратура басшылығы барды. Оқиға орнын тексеру барысында қора сыртынан зорлап өлтірген белгісімен жаңа туған баланың денесі оралған пакеттен табылды. Аталған факті ҚР ҚК 100 бабы яғни жаңа туған баланы анасының өлтіруі  бойынша бірыңғай тізіліміне енгізілді. 

Тақырып бойынша материалдар

КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТОҚТАТЫЛДЫ
20:41, 27 наурыз 2020
КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...