ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

«ТРАНЗИТ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

20:44, 23 қараша 2021

Облыс аумағында "Транзит"республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс – шараның мақсаты-жол-көлік жарақатын азайту, апаттардың алдын алу және еліміздің аумағына заңсыз әкелінген шетелдік автомобильдерді анықтау. Айта кетейік, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап СҚО-да Армения Республикасынан әкелінген 450-ден астам автокөлік тіркелген. Дәл осындай жұмыс Ресей Федерациясынан әкелінген автомобильдер бойынша да жүргізіліп жатыр.

СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, жақында арнайы брошюралар дайындалды, патрульдік полицейлер оларды жүргізушілерге таратады. Жаднамаларда шетелден әкелінген автокөлікті тіркеуге қатысты негізгі түсіндірмелер тезистік түрде көрсетілген.

ВЛАДИСЛАВ НЕЧИТАЙЛОВ, ЖҮРГІЗУШІ:

- Бұл көлікті мен Петропавлда, осы жылдың ақпан айында алдым. Машина-Ресей есебінде тұр. Құжаттар бойынша бұл көлік туыстардың атында.  Мен салықты уақытында төлеймін. Техникалық байқау, сақтандыру-бәрі жақсы. Ресейлік машинаны еш проблемасыз мініп жүрмін, өйткені заңды бұзған жоқпын.  - Сізді жиі тоқтатады ма? - Шынымды айтсам-өте сирек.

Бүгінгі күні Ресей Федерациясында белгіленген заңды тәртіппен тіркелген көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қандай да бір өзгерістер жоқ. Жүргізуші куәлігі, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, сақтандыру полисі және техникалық байқаудан өткені туралы диагностикалық карта болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға тыйым салынбайды. Құқық белгілейтін құжаттар болмаған жағдайда, жүргізуші заңда белгіленген жауапкершілікке тартылад. "Транзит" операциясы аясында мамандандырылған тұраққа 25 автокөлік орналастырылды. Жасанды құжаттар бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамдардың көлікті жүргізгені және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 19 әкімшілік хаттама жасалды.

АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ, СҚО ПД ПРОЦЕССИНГ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА МЕМЛЕКЕТТІК АВТОИНСПЕКТОРЫ:

- Шетелдік автокөлік сатып алған кезде облыс тұрғындары құжаттардың түпнұсқалығын тексеруі, автокөлікті тіркеу еліндегі есептен алуы, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында одан әрі тіркеуді жүргізуі қажет. Қазақстан аумағында тіркелмеген көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Көлік құралдарын тіркеу, алу және сатып алу мәселелері бойынша 8 (7152) 61-25-42; 32-00-22 "қауырт" желі телефондарына жүгінуге болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
20:48, 2 желтоқсан 2021
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
20:42, 30 қараша 2021
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...