«Құқықтық тәртіп» жедел-профилАкатикалық іс-шарасы барысында өңір полицейлері тұрғындардан заңсыз 5 қару тәркіледі.
М. Жұмабаев ауданының екі тұрғынынан тіркелмеген екі тегіс ұңғылы қару алынды. Сондай-ақ, Қызылжар ауданының тұрғынынан аңшы мылтығы тәркіленді. Оның айтуынша, мылтықты жазда көл жағасынан тауып алған, алайда полицейлерге бұл жайында хабарлауға асықпаған. Тағы бір қару Есіл ауданының тұрғынынан табылған. Ол қарудың бірнеше жыл бұрын досынан қалғанын айтқан. Ауылдықтарға қатысты ҚР ҚК-нің 482-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша жеке тұлғаларға 60 мың теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.