ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТУРИЗМ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ

20:36, 9 маусым 2022

Полицейлер әлеуметтік желі арқылы туристік жолдама ресімдеу кезінде абай болуға кеңес береді.

Петропавлда шетелге туристік жолдаманы ресімдеумен байланысты интернет алаяқтықтың үш фактісі тіркелді. Қала тұрғындары Instagram әлеуметтік желісі аккаунттарында сол бір жарнаманы көргеннен кейін, туристік жолдамаға тапсырыс берген. Мобильді қосымшаның «аударым» сервисі арқылы жолдамаға алдын ала төлем жіберіп, фирма менеджерімен  WhatsApp мессенджері арқылы хат жазысқан. Ақша сәтті аударылғаннан кейін менеджер WhatsApp-тағы клиенттерді бұғаттап, телефон қоңырауларына жауап бермей бірден байланысқа шығуды тоқтатқан. Осылайша, алаяқтардың құрбанына айналғанын түсінген адамдар бірден полицияға жүгінген. Келтірілген шығынның сомасы әр түрлі – 90 мыңнан 360 мыңға дейін. Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері интернет алаяқтыққа күдіктілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

ЖЕҢІСГҮЛ БЕЙСЕМБИНА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Құрметті қала тұрғындары, Петропавл қаласы Полиция басқармасы ешқандай жағдайда, ешкімге өздеріңіздің ақша, қаражаттарыңызды аудармауға кеңес береді. Қандай да болсын тауарлар мен туристік жолдамаларды тексерілген туристік агенттіктерден алыңыздар.

Тақырып бойынша материалдар

КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ
13:00, 19 шілде 2022
КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар