ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

20:48, 2 желтоқсан 2021

Петропавлдық полицейлер «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Іс-шара қыркүйектің 1-і мен желтоқсанның 1-і аралығында өтіп, 91 күнге созылды. Қалалық учаскелік инспекторлар мен ювеналдық полицейлер облыс орталығындағы 41 мыңнан астам үйДІ аралап шықты.

 «Учаске» іс-шарасының басты мақсаты – азаматтармен танысып, олармен сенімді қарым-қатынас орнату, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. Жылыту маусымының келуімен учаскелік инспекторларға, ювеналдық және патрульдік полицейлерге басқа да ведомстволардың қызметкерлері қосылып, жеке секторды аралады.

Сабина Әбдірахманова, Петропавл қ. ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы:

  • Қазіргі уақытта Петропавл қаласының ювеналдық полиция бөлімшесінде 109 отбасы есепте тұр. Олармен күн сайын профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Жылыту маусымының басталуына байланысты Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, пешпен жылытатын отбасыларды тексеру мақсатында аталған рейд жүргізілді.

Өрттің және иіс тиюдің алу мақсатында сақшылар мен төтенше жағдай қызметкерлері көп балалы отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектердің үйіне бас сұқты. Өртке қарсы қызмет қызметкерлері парақшалар мен жадынамалар таратып, полицейлер кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге қатысты кеңестерін айтты, отбасылардағы жағдаймен танысты. Осындай бірлескен рейдтер жылыту маусымының соңына дейін өткізілмек.

Жанат Жұмажанов, Петропавл қ. Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

  • Рейд кезінде жылыту пештерін дұрыс пайдалануды көрсетеміз. Түтін шығатын жолдардың, мұржалардың уақтылы тазаланбауы, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, от жағу үшін тез жанғыш сұйықтықтарды пайдалану, пеш үстінде отынды, аяқ киімдерді кептіру сияқты фактілер анықталды.  Пештерде, қабырғаларында жарықтар кездесіп жатыр. Бұрын орнатылған тұншықтырғыш газ датчиктерін тұрғындардың алып тастағаны да анықталды. Осыған байланысты аталған бұзушылықтарды және олардың салдарын жою туралы ұсынымдар берілді.

 «Учаске» іс-шарасының 91 күнінде қалалық полицияның есебінде тұрған 4118 адам тексерілді. Оның 668-і – қолайсыз отбасылар. Бұдан бөлек, іс-шара кезінде азаматтық қарулары бар 2437 адам тексеріске ілікті. «Учаске» іс-шарасы аясында 15 мыңнан астам түрлі сипаттағы құқық бұзушылық анықталды. Мекенжайларда тиісті тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру, алкогольді ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу, абаттандыру ережелерін бұзу сияқты ереже бұзушылықтар жиі тіркелген. Сондай-ақ, әдеттегідей үш айлық іс-шара кезінде полицейлер учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлері, олар туралы мәліметтер көрсетілген визиткалар таратты, қыркүйек айында Instagram әлеуметтік желісінде 13 аккаунт ашты. Мұнда тұрғындар кез келген уақытта көкейіндегі сауалдарын жазып, жүгіне алады. Ал, учаскелік инспекторлар оны қарастырып, жауап береді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР
20:40, 26 қаңтар 2022
ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕР ӘЙЕЛДЕРДІ ТОНАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
17:21, 25 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТКЕР ӘЙЕЛДЕРДІ ТОНАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...