ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ

17:20, 24 қыркүйек 2021

Әр тұрғында учаскелік полиция инспекторының нөмірі болуы керек. "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыс  полицейлері үй-үйді аралап, пәтер тұрғындарымен кездеседі. Ай басталғалы учаскелік полиция инспекторлары 35 мыңға жуық баспананы аралады.  Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің материалына назар аударайық. 

Полицияға уақтылы жүгіну – қылмыстың алдын алуға және көптеген мәселелерді жедел шешуге көмектеседі. Отбасылық жанжалдан, маскүнемдіктен зардап шеккендердің бәрі бірдей құқық қорғау органдарының көмегіне жүгіне бермейді. Бұл өз кезегінде үйдегі зорлық зомбылықты өршіте түседі. Мұнымен күресу үшін учаскелік инспекторға хабарласқан жөн.

Соңғы кезде белең алған интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін учаскелік полиция инспекторлары түсіндіру жұмыстарын да қатар жүргізеді. Бұл қазір қылмыстың ең көп тараған түрлерінің бірі. Осыған орай Учаскелік инспекторлар адамдарға жадынама таратады.

- Сонымен қатар алаяқтық қылмыстардың алдын-алу бар, оқыңыз.

Құқық қорғау органдарының өкілдері әр тұрғынмен кездесуге мүдделі. Өйткені олар өзінің учаскелік полиция инспекторын білуі керек.

РУСЛАН ШӘКІРОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЕКІНШІ БӨЛІМІНІҢ ЖПҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Бұл іс-шара қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ тұрғындардың учаскелік полиция инспекторымен танысуына бағытталған. Подъездерде учаскелік полиция инспекторының деректері, сондай-ақ оның Байланыс телефондары көрсетілген ақпараттық парақтар жапсырған.  

Бүгінгі дейін полицейлер Петропавлда 35 мыңға жуық пәтерді аралап шықты. 1 қыркүйектен басталған "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы желтоқсан айына дейін жалғасады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ШЕТЕЛДЕН КӨЛІК АЛЫП, АЛДАНБАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
20:44, 21 қазан 2021
ШЕТЕЛДЕН КӨЛІК АЛЫП, АЛДАНБАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН 10 ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ
13:04, 21 қазан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН 10 ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...