Новомихайловкадан аудан орталығына дейін – 50 км, Петропавлға дейін – 85 км. Қазіргі уақытта бұл жерге 29 жастағы учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ерзат Шәрішев қызмет көрсетеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындарға көмек көрсету – полицияның учаскелік инспекторына жүктелген міндеттердің бір парасы ғана. Инспектор өзінің әкімшілік учаскесінде тұратын адамдардың санын біліп қана қоймай, олардың қаншасы зейнеткер, мүгедек, студент, оқушы екенін есте сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының қанша малы бары туралы да жалпы ақпаратты білгені жөн. Бұл мал ұрлығы жағдайында учаскелік инспекторға қылмысты «ізін суытпай» ашуға көмектеседі.
Ерзат Шәрішев, Мамлют аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы:
- Қыс мезгілінде, негізінен, жалғыз тұратын, жағдайы төмен, спирттік ішімдіктерді қолдануға бейім адамдарды назарда ұстаймыз - оларды жиі тексереміз, тұрақты негізде тірек пунктіне 20 бейнекамера шығарылған. Тәулік бойы, кез-келген уақытта мен әкімшілік аймақта не болып жатқанын көре аламын.
Ауыл тұрғындары өз учаскелік инспекторларының жұмысына түсіністік танытып, оны әрдайым қолдауға тырысады. Ерзат Шәрішевтің пікірінше, бұл оған өз міндеттерін "плюс бес" - ке орындауға міндеттейді.
Олег Щеголев, Новомихайловка ауылының тұрғыны:
- Біз учаскелік полиция қызметкерінің үнемі бізде болуын және тұруын сұрадық. Оның ауылда болуы жағдайды тұрақтандырады. Бізде ауыл бойынша, нысандарға 100-ден астам камера орнатылған. Мұның бәрі құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектеседі.
Облыста 200-ден астам учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. Өткен жылы олардың қатысуымен 2 мыңға жуық қылмыс ашылып, 60 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ел Президентінің Жолдауын іске асыру аясында жергілікті полиция қызметін кезең-кезеңмен реформалау және жұмыстың сервистік моделіне көшу жалғасқан.