ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЖЕКЕ АККАУНТТАРЫ АШЫЛДЫ

17:22, 25 қараша 2021

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Петропавлдағы 13 учаскелік полиция пунктінің әрқайсысының қызметкерлері өздерінің ресми аккаунттарын ашты. Өтініштер мен сауалдарды қабылдау, онлайн-есептер беру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Дәл осы жұмыстарды петропавлдық учаскелік полиция инспекторлары Instagram желісінің көмегімен іске асырмақ. Бүгінде бұл әлеуметтік желі петропавлдықтар арасында кеңінен танымал.

Петропавлдағы  Потанин көшесі, 65 мекенжайындағы № 2 учаскелік полиция пунктінің әлеуметтік желіде 250-дей жазылушысы бар. Олардың ресми парақшасы аккаунттар арасында үздіктердің бірі. Бұл полиция  пункті Черемушки, Ойқала, Былғары зауыты, Заречный аудандарына, сондай-ақ саяжай учаскелеріне қызмет көрсетеді..

АННА ФОМИНЫХ. ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Енді direct арқылы сұрағымызды қоя аламыз. Өзіміздің талап-тілектерімізді жаза алатын болдық. Тәртіп сақышалырының жұмысына көңіліміз толады. Учаскедегі жағдайдан әрдайым хабардар. Жуырда қаңғыбас иттер көбейіп кетті. Кішкентай балалар көп жүреді. Өте қауіпті (Инспекторларға айтып едік, шара қабылдады. Ризамыз.

Қазір полицейлер учаскелік полиция пункттерінің аккаунтарын тұрғындар хабардар болуы үшін жарнамалауда. Айта кету қажет, қалалық полицияның басшылығы да әлеуметтік желілерде белсенді. Мысалы, қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің 2019 жылдың күзінен WhatsApp мессенждерінде қызметтік нөмірі бар. Оған осы аралықта түрлі тақырыптағы 100-ден астам сұрақ келіп түсіпті. Сұрақтарды тек қалалықтар ғана емес, ауылды жерлердегі тұрғындар, шетелдіктер де қояды екен. Жуырда полицейдің телефонына Түркияда тұрып жатқан әйел бейнеқоңырау түрінде хабарласып, Петропавлда тұратын анасына көмектесуді өтінген.

ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мұнда оның зейнет жасындағы анасы тұрады. Жергілікті атқарушы органдармен байланысты кішігірім мәселе туындаған. Учаскелік инспектордың мәліметтерін білмеген. Кейін мен оған инспектордың байланыс нөмірлерін, мәліметтерін жібердім. Ол әлеуметтік желі арқылы инспектормен байланысқа шығып, сұрағын қойды. Дереу шара қабылданып, проблемасы тез арада шешімін тапты.

Полицейлердің акаунттарында келешекте профилактикалық жадынамалар, учаскелік инспекторлардың байланыс мәліметтері, маусымдық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік туралы жарияланымдар орналастыру жоспарда бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
20:48, 2 желтоқсан 2021
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
20:42, 30 қараша 2021
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...