ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН АСЫРАП, БАҒУ ТАЛАПТАРЫ БАҚЫЛАУДА

20:42, 16 сәуір 2021

Жыл басынан 512 петрпавлдық ит пен мысықты асырау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін ескертілді.  Қазіргі кезде полицейдер осы бағытта жұмысты күшейтті. Учаскелік инспекторлар үй жануарларының иелерімен профилактикалық әңгімелесу жүргізеді және құқық бұзушылық үшін жауапкершілік барлығын ескертеді.

- Допустим, выгуливаете в неположенном месте; без поводка, без намордника – владелец привлекается к административной ответственности по части 1 статьи 408 КРКоАП, которая влечет штраф, или предупреждение. Штраф в размере трех месячных расчетных показателей.

Орталық шағын аудандарда ит асыраушылардың басым бөлігі негізінен барлық талаптар мен қағидаларды сақтайды, ал қала шетінде мүлдем басқа жағдай.  Егер жер үйлердегі байлауда тұрған ірі ит шынжырды үзіп кетсе – бұл айналадағылар үшін қауіп төндіретіндігі сөзсіз. Бұдан бөлек, қала шетінде көбіне қаңғыбас иттер жиі кездеседі. Күн жылысымен полиция қызметкерлері қаланың шағын аудандарындағы аула бойы тексеруді жандандырады. Участкелік инспекторлар, қала тұрғындарына басқа да профилактикалық ұсынымдар жайлы түсінік береді: балалар алаңында, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, мектептер мен медициналық мекемелердің ауласында, парктерде, скверлерде, стадиондарда – иттерді серуендетуге тыйым салынады. Итті серуенге шығарған кезде міндетті түрде тұмылдырық тағып, мойын жіппен ұстау керек. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда үй жануарларының соңынан жинап жүру үшін арнайы пакет болуы міндетті.

АРМАН ҚАБДУЛИН, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Петропавл қаласының аумағында 2015 жылғы 20 қаңтардағы СҚО мәслихатымен бекітілген ит пен мысықты асырау және серуендету қағидалары қолданыста бар. Аталған бағыт бойынша жұмыс істеу кезінде ескерту немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін ҚР ӘҚтК             408-бабы қолданылады. Тіркелген ит пен мысық иелерінің меншігі болып табылады және заңмен қорғалады. Қазіргі таңда үй жануарларының иелерімен профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Жыл басынан СҚО-да Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, ит пен мысықты асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу бойынша 1654 адам жауапкершілікке тартылды, оның 496 ескертіліп, 137-сіне айыппұл салынды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
20:44, 17 мамыр 2021
ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА БАСТАУ АЛДЫ
13:04, 14 мамыр 2021
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...