ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ҮЙГЕ ТҮСКЕН ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

17:18, 21 сәуір 2021

Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері ҮЙГЕ ҰРЛЫҚҚА ТҮСТІ деген күдікпен 29 жастағы қала тұрғынын ұстады.  Қылмыс Калинин көшесіндегі жер үйлердің бірінде ЖАСАЛҒАН.

Ұры үйге түсіп, ақша, смартфоннан бөлік, көзге түскен ұсақ-түйек -  бұрандалы шегені бұрағышты және шаш алатын машинканы алып кеткен.  Қаскөй ұрлыққа үй иелері жұмыста болған кезде күндізгі сағат 11 мен 12 аралығында түскен. Иттен қорықпай өтіп, есікте ілініп тұрған аспалы құлыпты аулада тауып алған сүйменмен бұзған.  Үй маңында бірде бір камера болмаған және ешкім өтпеген. Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыс орнын қарау кезінде үй-үйді тексеріп, көршілерден жауап алды. Нәтижесінде ұрлық жасауда күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған 29 жастағы Петропавл тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады және бұл үйді есігінде аспалы құлып ілініп тұрғандықтан таңдап алғанын атап өтті.

Ұсталған:

  • Құлыпты сүйменмен бұздым. Үйге кірдім. Шаш алатын машинканы алдым. Шкафты ашып, телефондардың қораптарын көрдім. Телефонды алдым. Кейін бұрағыштың чемоданын байқадым.

Жыл басынан Екінші полиция бөлімінің аумағында 30-дан астам пәтер ұрлығы тіркелген.

САНЖАР АТАЖАН, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЕКІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АНЫҚТАУШЫСЫ:

  • Петропавл қ. Екінші полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірнеше пәтер ұрлығын жасаған 1992 жылы туылған бұрын соттылығы бар Петропавл қаласының тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейін тергеу басталып, күдіктіге қатысты бұлтартпау шаралары қолданылуда.

Күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер үйді ұрылардан қорғаудың ең тиімді тәсілдердің бірі -  орталықтандырылған бақылау пультіне қосу екенін атап өтті. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларын, сапалы және мықты құлыптарды орнату да ұрымен күрестің бір жолы.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
20:44, 17 мамыр 2021
ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА БАСТАУ АЛДЫ
13:04, 14 мамыр 2021
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...