ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ӨРШІГЕН

20:36, 20 шілде 2022

Ұрланған велосипедтерді OLХ-та сатқан. Петропавлдық жедел уәкілдер үш велосипедтің ұрлығына күдіктілерді ұстады. облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық. 

Мамыр айында Васильев көшесіндегі үйдің ашық тұрған подъезінен үш велосипед ҚОЛДЫ БОЛДЫ. Иелері екі дөңгелекті көліктің ұрланғанын бірнеше күннен кейін байқаған және полицияға жүгінген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы төрт жүз мың теңгеден асады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Олар Нұр-Сұлтан қ. 19 және 22 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұрланған мүлік OLx арқылы сатылған. Қазіргі уақытта екі велосипед табылып, иелеріне қайтарылды.

Данияр Ғалиақпаров, Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары:

- Жаз мезгілі келісімен велосипед ұрлықтары көбие түсті. Ұрлықтар көбінесе подъездерден және иелері қараусыз қалдырған кезде жасалады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кейін ұрланған велосипедтер бөгде адамдарға сатылуы мүмкін. Сондықтан, велосипед иелерін өз мүліктерін қараусыз қалдырмауға, арнайы троспен жабдықтап, түнгі уақытта үйлеріне кіргізуге кеңес береміз.

Балалар велосипеді де қолды болған. Ұрлық мамыр айында жасалыпты. Бұл жағдайда да ұрлық ашық тұрған подъезде жасалған.

Петропавл тұрғыны, 10 жаста:

- Велосипедімді ұрлап әкеткенде, көңіл-күйім түсіп кетті. Кейін полицияға жүгіндік. Шамамен 2 күннен кейін полиция велосипедімді тауып берді. Қазір велосипедті жертөледе сақтаймын және оны енді ұрлап әкетпейді деп ойлаймын. Велосипедімді тауып берген полицейлерге алғысым шексіз.

Велосипед ұрлығына тосқауыл қою үшін полицейлер айдап әкетуге қарсы сапалы құрылғыларды пайдалану керектігін, велосипед маркасын, сәйкестендіру нөмірін білу қажеттігін ескертеді. Ұрлық жасалған жағдайда шұғыл полицияға хабарласу қажет. Жалпы жыл басынан Петропавлда 44 велосипед ұрлығы тіркелген.

Тақырып бойынша материалдар

КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ
13:00, 19 шілде 2022
КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛД...
Толығырақ...
КӨШЕДЕ  ЗЕЙНЕТКЕРДІ ТОНАП КЕТКЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
17:17, 18 шілде 2022
КӨШЕДЕ ЗЕЙНЕТКЕРДІ ТОНАП КЕТКЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар