ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН Толығырақ

ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР

20:45, 30 маусым 2020

Петропавл полицейлері 38 жастағы ұрыны  ұстады. Ер адам бір күнде екі бірдей велосипед ұрлады деген  күдікке ілінді.  Оның біреуі жасөспірімге тиесілі болған. Толығырақ келесі бейнематериалдан көріңіздер.

25 маусым күні кешке қарай «Жеңіс саябағы» аумағында тұратын қала тұрғынынан «102» нөміріне қоңырау шалған. Айтуынша баласының велосипедін біреу ұрлап кеткен. Сөйтіп, жедел-тергеу тобы дереу іске кіріседі. Көп ұзамай маңайда тағы бір велосипедтің жоғалғаны жайлы хабарланады. Тәртіп сақшыларының жедел жүргізген іс-шараларының арқасында бұрын сотталған  38 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

- Ходил, гулял просто, увидел велосипед стоит непристёгнутый, взял его и поехал.— Дальше что делали? — Продал на СТО. — За сколько? — За три…ну, продал велосипед на СТО, пошёл домой по Набережной. Во дворе увидел тоже велосипед стоял, возле подъезда. Оглянулся — никого нету, взял и поехал.

Күдікті екінші велосипедті қолды қылған бойы, өтіп бара жатқан біреуге 16 мың теңгеге сатып жіберген. Екі бірдей қозғалыс құралын саудалаған ол 92 мың теңге пайда көріпті. Бірақ оның арам пиғылы әшкереленді, енді велосипедтер иелеріне қайтарылатын болады.

ЕРЛАН ЖАНТАСОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ БІРІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Ұрланған велосипедттер алынды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Күдікті уақытша қамау изоляторына жіберілді. Құқық қорғау органдарының мамандары тұрғындарға заттарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Жалпы жыл басынан  бері Петропавлда 55 велосипед ұрлығы тіркелген, оның 32 анықталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРУМЕН КӨШЕ КЕЗГЕН МАС ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ
13:05, 3 тамыз 2021
ҚАРУМЕН КӨШЕ КЕЗГЕН МАС ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 3 600-ДЕН АСТАМ МАЛ АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚАМАЛДЫ
13:03, 3 тамыз 2021
ОБЛЫСТА 3 600-ДЕН АСТАМ МАЛ АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚАМАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА 45 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
20:35, 30 шілде 2021
ПЕТРОПАВЛДА 45 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...