ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ВЕЛОСИПЕД ҰРЫСЫ ҰСТАЛДЫ

20:43, 22 сәуір 2021

Полиция басқармасының Екінші полиция бөлімі  велосипед ұрлығын ашты. «Forward» модельді байк көппәтерлі үйдің жертөлесінен ұрланған, күдікті «ізі суымай» ұсталды.

Екінші полиция бөліміне  «Forward» велосипедінің ұрланғаны туралы қала тұрғыны жүгінді. Ұлының «темір тұлпары» қыста жертөледе тұрған екен, сол жерден қолды болған. Бұзып кіру іздері болмаған, сондықтан жедел уәкілдер жер төлені ашып кіретін кілттері бар үй түрғындарын тексерген. Күдікті анықталды, ол жәбірленушілердің көршісі, бұрын есірткінің заңсыз айналымы үшін сотты болған 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Сатылып кеткен велосипед алынып, иесіне қайтарылды.

ЗЕЙНОЛА ҚАСЫМОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЕКІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

  • Заводская көшесі, 22-үйДЕ болған велосипед ұрлығы фактісі бойынша тексеру барысында 36 жастағы қала тұрғыны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріледі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» 188-бабы              1-бөлігінің санкциясы үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны көздейді.

Ұсталған:

  • Не үшін ұсталдыңыз? – Велосипед ұрладым. Бір ай бұрын жертөледен ұрладым. Өтіп бара жатып, ашық тұрғанын байқаған соң төменге түстім. Оны сатып жібердім... Төрт мың теңгеге.

Күн жылынған соң велосипед тізгіндегендер қатары артады. Тәжірибе көрсеткендей, мүліктерінің қорғалуына иелерінің бәрі бірдей жауапкершілікпен қарамайды. Полицейлер қала тұрғындарынан байктарын подъездер мен үйлердің аулаларында қалдырмауға шақырады. Айдап әкетуге қарсы сапалы құлыптар немесе тростарды пайдалану қажет. Сонымен қатар, Петропавл қаласының Полиция басқармасында сериялық нөмірлері, маркалары, түстері мен белгілері бар велосипедтердің деректер базасы құрылған. Бұл база ұрлық болған жағдайда велосипедтерді іздеуді және сәйкестендіруді жеңілдетеді. Велосипед деректерін картотекаға енгізу үшін кез келген учаскелік полиция пунктіне жүгініп, сауалнама толтыру қажет.  

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
20:44, 17 мамыр 2021
ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА БАСТАУ АЛДЫ
13:04, 14 мамыр 2021
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...