ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЗЕЙНЕТКЕР ӘЙЕЛДЕРДІ ТОНАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

17:21, 25 қаңтар 2022

Петропавл қ. полиция басқармасы Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері зейнеткердің ақшасын қолды қылды деген күдікпен ер адамды ұстады. 30 жастағы ер адам, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған екен.

Полицияға «Уют» дүкенінің маңында белгісіз қылмыскер егде жастағы әйелдің әмияыін ұрлады деген хабарлама келіп түсті. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, белгісіз ер адам оған пәтеріне дейін көтерілуге көмектескен, кейін ішуге су сұрап, кетіп қалған. Көп ұзамай әйел 120 мыңнан астам теңгесі салынған әмиянының жоғалғанын анықтайды. Осыған ұқсас жағдай бірнеше күннен кейін,  314-ші Атқыштар дивизиясы көшесіндегі үйде болған. Бұл жолы ер адам әйелге үй подъезінен пәтеріне жетуге көмектескен. Кейін әжей 16 мың теңгесінің  жоғалғанын анықтаған. 

  • « А кошелек?», говорю, - "Вы не брали кошелек?". Он: "Нет, нет, я не заходил, я не заходил!"

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалалық Полиция басқармасы Бірінші полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды жасауда күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті Петропавлға отбасылық мәселелері бойынша келген 30 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

  • Почему именно бабушек? - Ну, это не то, чтобы я думал или выбирал, что именно бабушку.  Я вообще не планировал, я говорю: просто решил помочь, подняться, пакет нести помог... А преступный умысел возник в тот момент, когда уже помогал.

ЕРАСЫЛ ӘСКЕРБЕК,  ПЕТРОПАВЛ Қ. №1 ПОЛИЦИЯ БӨЛМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

  • Жедел іздестру іс шаралары барысында 1991 жылы туған бұрын сотталған Нұрсұлтан қаласынан тұрғыны қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды.) (Тергеу барысында оның Петропавл қаласына  арнайы егде жастағы қарт адамдардың мүлкін ұрлау үшін арнайы келгендігі анықталды. Ол қарт адамдарға көмек көрсету айла тәсілімен сеніміне кіріп, ақша қаражаттарын қолды етіп отырған.

Қазіргі уақытта аталған фактілер «Ұрлық» және «Тонау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ер адам қамауға алынды, тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...