ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ

17:23, 20 қазан 2021

СҚО-да мүгедектер мен зейнеткерлер алаяқтардың құрбанына айналды. Олардың аттарынан алматылық фирма түрлі банктерден онлайн несие ресімдеген. Әрқайсысы бойынша қарыз соммасы 600-700 мың теңгені құрап отыр. Енді алданғандар оны миллиондап қайтарулары тиіс. Неліктер өңір тұрғындары айлакерлердің арбауына түседі? Оның артында кім тұр? Әріптесім рет-ретімен баяндасын.

Күлбаршын Әбілдинова- үшінші топтағы мүгедек. Жуырда зейнеткерге сауықтыру массажын және басқа да жабдықтарды сатумен айналысатын алматылық фирмалардың бірінің өкілі қоңырау шалып, облыс орталығында өтетін шеберлік сағатына шақырған. Онда ұтыс ойыны да болады деп айтқан. Яғни, келгендердің біреуі сауықтыру аппараттарының барлық жиынтығын ұтып ала алады. Қала тұрғыны бірден келісіп, белгіленген жерге келіп, алданып қалған.

КҮЛБАРШЫН ӘБІЛДИНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- «Ұйымдастырушылар мені ұтыс ойынының жеңімпазы деп танып, құттықтап жатты. Мен сеніп қалдым. Кейін сізге мына қыз сыйлықтар береді деп, дәлізге шығарып алды. Қолында қағаздары бар екен. Көзілдірігім болмағандықтан көзім дұрыс көрмеді. Ол маған тегін сыйлықтарды алғаныңыз үшін мұнда қолыңызды қойыңыз деді. Мен бәріне қойып шықтым. Алданып қаламын деп ойламаппын да...»

Күлбаршын Әбілдинова алаяқтардың құрбанына айналғанын кешке ғана білген. Зейнеткердің атынан 3 жылға 600 мың теңге көлемінде онлайн-несие ресімделген. Зейнетақысы 70 мың теңгені құрайтын қала тұрғыны енді банкке 1 миллион 150 мың теңге қайтаруы тиіс. Алаяқтардың арбауына Борис Тягунов та түскен. Оған 720 мың теңге несие рәсімделіпті. Компания өкілдері ер адамға жүлде толығымен тегін емес екенін түсіндірген екен.

 БОРИС ТЯГУНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Ол маған сооманы жазған кезде мен оған бұл ақшаны қалай төлеймін деп айттым. Ал ол 3 жыл ішінде жауып шығасыз, жеңілдік жасаймыз деді. Менің айлығым 85 мың теңге ғана. Немерелерім үшін ғана сауықтыру аппараттарының барлық жиынтығын алдым. Үйге келген кезде балаларым қағазды көріп, бұл несие деп айтты. Егер мен бұл несие екенін білсем, сол жерде бәрін тастап кетіп қалар едім.

Бүгінде тағы 6 зейнеткер бір күндік компанияның құрбаны болған. Олар фирма атауын үнемі өзгертіп отыратын көрінеді.   Облыстық тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығы   алаяқтарға қала тұрғындарының мәліметтерін кім ұсынатынын және банктер төмен зейнетақысы барларға онлайн -несиені қалай беретініне таңғалып отыр.

НАДЕЖДА ДУБОВАЯ, СҚО ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Ең қызығы, олар зейнеткерлердің аты-жөнін қайдан біледі? Демек, олардың қандай да бір мемлекеттік қызметпен байланысы бар. Мен мұны тек осылай түсіне аламын. Бұл 20-21 жастағы менеджерлер. Және банктермен олардың келісімі бар сияқты. Себебі банктер несие желісін қалай аша алады? Неліктен банк қызметкерлері бұл туралы клиентке бірден хабарламайды?»

МАРЖАН УТЕНОВА - ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ

Жыл басынан бері өңірде интернет – алаяқтық, соның ішінде онлайн-кредиттерді ресімдеу де бар, 85 %-ке  өскен. Бірақ, қылмыстың ашылуы 30%-дан да аспайды.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
20:48, 2 желтоқсан 2021
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
20:42, 30 қараша 2021
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...