ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

17:19, 14 маусым 2022

ПД мәдени орталығының қызметкерлері облыс аудандарында зейнеткерлерге арналған қайырымдылық концерттерін өткізді. Мерекелік іс-шара Қазақстан полициясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.

Погонды өнерпаздар елді мекендердің қарттарына әсем ән мен би ұсынды. Әртістер Аққайың ауданындағы "Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығында да болды. Залға жиналған зейнеткерлер талантты офицерлердің өнерін жоғары бағалады. СҚО ПД мәдени орталығының жетекшісі Дидар Малаевтың айтуынша, тәртіп сақшылары осындай форматтағы концертті жақында "Надежда "Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, сондай-ақ Петропавл қаласының қарттар үйінде де өткізген. Биылғы жыл әрбір полицей үшін ерекше, өйткені 23 маусымда еліміздің құқықтық тәртіп сақшылары Қазақстан полициясының 30 жылдығын атап өтеді.

Тақырып бойынша материалдар

КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ
13:00, 19 шілде 2022
КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар