ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ ПАБЛИКТІҢ ӘКІМШІСІ 30 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ

13:05, 10 қаңтар 2022

Петропавлда төтенше жағдай режимі кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттер жасағаны үшін жергілікті пабликтің әкімшісі сот шешімімен 30 тәулікке қамалды. Instagram әлеуметтік желісінде экстремистік ұйымның іс-әрекетін насихаттап, митингке шақырған жазба жариялаған. Еске сала кетейік, жалған ақпарат таратқан азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылады. Құқықтық тәртіпті бұзуға, әлеуметтік және ұлтаралық алауыздықты тұтатуға алып келетін арандатушылық пікірлер үшін де ҚР заңнамасымен жауапкершілік көзделген.  Төтенше жағдай режимі кезеңінде билік өкілінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.СҚО Полиция департаментінде CALL-орталығының 61-25-42 телефоны нөмеріне азаматтар төтенше жағдай режимі кезеңіндегі шектеу шаралары мәселелері бойынша жүгіне алады. Сондай-ақ, полицейлер күдік тудыратын тұлғалар немесе фактілер, төтенше жағдай режимінің бұзушылықтары туралы «102» арнасына хабарлауды сұрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...