ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН 10 ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ

13:04, 21 қазан 2021

Заңсыз аң аулау мен балық аулау, ағаш кесу . Полиция департаментінің қызметкерлері дәстүрлі онлайн-стримингті табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың алдын алуға арнады. Полицейлер экологиялық құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік жайлы сөз қозғап, жұмыстағы басымдықтар туралы айтты.

- Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жыл басынан 705 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың көбісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 382-бабы бойынша. Бұл – жануарлар әлемін пайдалану ережелерін бұзу.

Жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасында 705 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның 421-і аң аулау, 284-і балық аулау ережесін бұзу болып табылады. Заңсыз ағаш кесу бойынша 9 материал әкімшілік соттарға жіберілді. Экологиялық қылмыс фактілері бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды, оның 10-ы - заңсыз аң аулау ға қатысты. Қоршаған ортаны, аңдар мен орман алқаптарын сақтау - жергілікті полиция қызметі міндеттерінің бірі. Бұл бағытта полицейлер орман және жануарлар әлемімен айналысатын мамандармен, сондай-ақ басқа да мүдделі органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Стриминг барысында желі қолланушыларын жалға алынған су қоймаларында балық аулау тәртібі, сирек кездесетін шаянтәрізді Artemia salina-ны заңсыз аулау үшін қандай жауапкершілік көзделгендігі, сондай-ақ қай ауданда еліктерді, маралдарды және қабандарды заңсыз аулау фактілері қаншалықты жиі тіркелетіндігі қызықтырды.

ӘЛІШЕР ЖАРМАҒАМБЕТОВ, СҚО ПД ЖПҚБ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПОЛИЦИЯСЫ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Сервистік үлгідегі полиция қызметіне ауысуда Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментімен үлкен жұмыс атқарылуда. Табиғатты қорғау полициясы жұмысына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, азаматтар аудандық жерлердегі полиция бөлімдеріне жүгініп, толық жауап алуға болатынын естеріңізге саламыз.

Кезекті онлайн-диалог балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға және маусым арасындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналмақшы.

 

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
20:48, 2 желтоқсан 2021
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
20:42, 30 қараша 2021
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...