ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН»

13:04, 26 қараша 2021

Облыс полицейлері «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясын ақ ленталар, балалардың суреттері мен буклеттер таратудан бастады. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлініс қызметкерлері петропавлдықтарға отбасында зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда жасырмауды ерекше форматта түсіндірді.  

Көшелерде, сондай-ақ үлкен көңіл көтеру-сауда орталығының бірінде полицейлер қалалықтардың қолдарына ақ лента байлауды ұсына отыра, буклеттер мен жадынамалар таратты. «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн»  атауымен акция алғаш рет 30 жыл бұрын Канадада өткізілген. Әйелдерге қатысты ерлердің зорлық көрсетулерін тоқтату мақсатында, мыңдаған канадалықтар қолдарына ақ матадан лента байлап шыққан. Содан бері бұл акция дүние жүзінде аталып өтеді. 

ЗАРИНА ЕЛУБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Зорлық-зомбылық көбінесе отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалады. Көп таралғаны – ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдар. Соның кесірінен зейнеткерлер, жасөспірімдер зорлық пен қысымның құрбанына айналады. Егер де отбасында қысым көрсеңіз, оны жасырмай полицияға хабарлау қажет. Біз тез арада шешім қабылдаймыз.

Облыс полицейлері жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқыққа қарсы әрекет үшін 2391 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде 617 әкімшілік қамауға алынған. Отбасылық жанжалқойларға қатысты екі мыңнан аса қорғау ұйғарымдары шығарылып, 166-ы жауапқа тартылған. 

ЕЛЕНА СИНИЦЫНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен, әрине зорлық-зомбылыққа қарсымын. Көптеген отбасында күйеулері қысым көрсетіп, балалары мен әйелдерін ренжітеді. Әйелдерге айтарым: мұндайға шыдаудың қажеті жоқ. Бізде арнайы жұмыс істейтін орган бар, сонда жүгіну қажет.

Егер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына айналсаңыз тұрғылықты мекенжай бойынша полиция бөліміне шұғыл түрде жүгінуге немесе «102» арнасына қоңырау шалуға болды. Облыс орталығының тұрғындары: 8 (7152) 39-48-56; 61-25-30 телефондары арқылы немесе App Store және Google Play-де жүктеу үшін қолжетімді, ІІМ-нің «102» ресми қосымшасын пайдалану арқылы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісіне тікелей жүгінуге болады. Сонымен қатар, Петропавл қаласы Полиция басқармасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелеріне арналған "Между нами говоря" @t.me/mejdunamigovory Telegram-каналы жұмыс істеуде.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...