ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

17:18, 3 желтоқсан 2021

Ауыл шаруашылығы – өңірдің экономикалық өсім драйвері. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша нақты міндеттерді жүктеген еді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда сөз сөйледі.

3 жылда агроөнеркәсіптің жалпы көлемі 516 млрд теңгеден 779 млрд тг немесе 1,5 есеге өсті. 10 айда облыста 865 млрд тг өнімі өндірілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 86 млрд тг көп. Бұл көрсеткішті 1 трлн-ға дейін жеткізу жоспарда бар. Өсімдік шаруашылығында егіс алқабын әртараптандыру жүргізілді. Майлы дақылдардың алқабы 1 млн га жеткізілді. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш екенін атап өткен жөн. Қазақстанда биыл жиналған астықтың көлемінің 4тен1 бөлігі облыстың еншісінде. Машина-трактор паркі де жаңартылып жатыр. Биыл 2321 техника сатып алынды. Қалай дегенмен облыста ескірген техниканың үлесі көп. Бұл орақ науқанын уақытылы орындамауға әкеп соғады. Диқандар үшін жаңа техниканың бағасы әлі де өте қымбат.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  ГЕРМАНИЯДА КЛААС компаниясының тукана комбайны 131 млн тг тұрады , ал бізде оның бағасы 159 млн тгге дейін жетеді....Бұл үшін облыста клаас ауыл аруашылығы техникасын бағасы 140 млннан  87 млн немесе 40 процентке дейін төмендеді.

3 жылда  12 сүт фермасы іске қосылды. Биыл 16 сүт фермасының, 2 бордақылау алаңының, 2 құс фабрикасының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов, облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жұмыстарына да тоқталды. Қуаты 370 мың тонна болатын май зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Тайынша Май зауыты технологиялық жағынан жаңғыртылды. Нәтижесінде майлы дақылдарды қайта өңдеу көлемін 90% - ға жеткізу жоспарда бар. Сонымен қатар, елді мекендер де дамып келеді. Биыл облыста 132 ауылды жаңғыртуға 22 млрд. теңге бөлінді. Жалпы, 5 жылда 300 ауыл көркейтілмек. Облыс басшысы мемлекеттік субсидиялармен негізінен шетелдік компанияларды қана қолдап қоймай, отандық өндірісті дамыту қажеттігін де атап өтті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін біріншден ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімізді сапалы және арзан минералды тыңайтқыштармен, пестицидтермен және ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету қажет. Екіншіден субсидия алушыларға қатаң шектеулер қою керек, мемлекеттік қолдау жоғары нәтиже алғандарға көрсетілуі керек. Үшіншіден, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің институционалдық жауапкершілігін көздеу қажет. Жерді жалға ала отырып, аграршылар жоғары нәтижелерге қол жеткізу, мал шаруашылығын дамыту және ауылдағы адамдарға қолдау көрсету үшін жауап беруі керек.

Сөз соңында Құмар Ақсақалов облыста аграрлық саланы қолдау мен дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасатынын айтты.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ
13:01, 24 қаңтар 2022
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ
Толығырақ...
ЕУРОПАРЛАМЕНТ ҚАРАРЫНА ҚАТЫСТЫ ДАУРЫҒУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ
20:36, 21 қаңтар 2022
ЕУРОПАРЛАМЕНТ ҚАРАРЫНА ҚАТЫСТЫ ДАУРЫҒУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ
Толығырақ...
 ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫСҚА ОТАНДЫҚ МАМАНДАРДЫ ТАРТУДЫ ТАПСЫРДЫ
20:35, 21 қаңтар 2022
ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫСҚА ОТАНДЫҚ МАМАНДАРДЫ ТАРТУДЫ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...