ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

200 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫСШЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

13:00, 4 мамыр 2022

 200 мыңнан аса қатардағы жұмысшының табысы артады. Бұл тек өндіріс саласындағы адамдарға арналған жоспар. Үдеден шығу үшін ұлттық бағдарлама жасалды. Оны орындауға ауыл әкімінен бастап министрлікке дейін жауапты. Бүгін халық табысын арттыруға қатысты жиын өтті.

Халықтың мұнайдан мұрты майланбағанымен, өзегі талмады. Ал, қазір уақыт өзгерді. Талап басқаша. Әлеуетті көтеру үшін экономиканы әртараптандыру керек. Шикізатқа тәуелділік ілгері бастырмайды. Сондықтан жаңа өндіріс орындары мен тың технологияларды елде шоғырландыру жоспарланған. Осылайша ұлттық машина жасау орталығы ашылады.

 БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

- Қажетті материалдар мен техника, инфрақұрылымдар кен орындарында пайдалануға болатын, ұзақ уақытқа пайдалануға болатын, ол тек бір жылға ғана емес біз бекітіп отырған ең көбі 20 мың адамға жұмыс табылады деп сенеміз.

 Бұдан басқа кезекте 39 мың адам тұр. Олар Теңіз мұнай кен орнымен арадағы жобаның аяқталуына байланысты келер жылы жұмыстан босайды.

 ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ол жерде енді 39-дың ішінде 37 біздің елдің азаматтары ғой. Сондықтан олармен қазірден бастап жұмыс істеу керек. Подготовка, переподготовка наших действующих кадров.

 Жалпы, ел аумағында тек өндіріс саласында 200 мыңнан аса адамның табысын арттыру – басты мұрат. Демек квазимемлекеттік секторға серпіліс керек. Сол ұлттық компаниялардың басын құрап отырған ұлттық қор биыл тәуелсіз директорлардың жалақысы мен сыйақысын 30 пайызға қысқартты. Ал, басшылық құрамның табысы сақталғанымен, олардың саны азайды. Басқа да шаралар арқылы қатардағы жұмысшылардың жалақысы 5-тен 48 пайызға артқан. Қарық болмасада «Қазпошта» қызметкерлерінің қанағат етуіне тура келеді. 

СЕРІК САУДАБАЕВ, «ҚАЗПОШТА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

25-30 мың теңге алып жүргендер қазір 35-40 мың теңге жалақы алады. Еңбекақыны көтеруге бюджеттен бөлінбейді. Бұл әл ауқат қорының жарғылық капиталынан құйылу арқылы және үнемдеуден төленіп отыр. Бірақ, жұмысшыларға жағдай жасау бағдарламасы әлі жалғасып жатыр. Оның оң нәтижесін пошташылар, операторлар мен сұрыптаушылар сезінеді.

 Қазақстан темір жолы компаниясыда қалыс қалмады. Кейбір кәсіп иелерінің жалақысы 30-40 мың теңгеге артты.  

 НҰРЛАН САУРАНБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Бұл операциялық және инвестициялық шығындарды азайту арқылы компанияға түскен кірістер арқасында іске асты.

 Алайда, компания басшысы алаңдаулы. Еңбекақыны 66 пайызға өсіруін өсіріп алып, енді осы қалпында ұстап тұруға ұмтылады. Себебі, бүгінгі ахуалға байланысты Ресей арқылы транзит 43 пайызға құлдыраған. Тиісінше кіріс төмендеді. Осындай кезде үкіметтен 90 млрд теңге қолдау күтеді. Арнайы бағдарламада өңдеу өнеркәсібі, өндіріс қарқыны, мамандарды даярлау мен құзырлы органдардың  жауапкершілігі толық қамтылған.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл бағдарламаға бүкіл министрлік жауапты. Бұл бағдарламаның жүзеге асуына аймақтағы әкімдерден бастап ауыл әкімдеріне дейін бәрі жауапты. Неге десеңіздер ол Қазақстан халқының әл ауқан жақсартуға нақты жұмыс орындарын құруға бағытталды.

 Меже – 2025 жыл. Халық табысын арттыруға 200 млрд теңгедей қаралған. Жалпы орны ашылады. Өндіріс, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және туристік салада 2 млн жұмыс орны ашылады. 

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:35, 4 шілде 2022
ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
20:34, 4 шілде 2022
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:33, 4 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...