ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

26 ЖЫЛДА 140 НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНҒАН

20:31, 20 маусым 2022

5-ші маусымдағы референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер қоғам мен мемлекетті одан әрі жетілдірудің құқықтық негізін қалады. Ата-заңдағы түзетулер Жаңа Қазақстанның дамуына ықпал етеді. Бұл туралы бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми айтты. Жиында еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы Жолдау жарияланды. 26 жылда конституциялық кеңес 140-тан астам нормативтік қаулы қабылдаған. Қоғамда резонанс тудырған 30-ға жуық заң конституциялық емес деп танылып, керісінше бірқатар заңның Ата Заңға сәйкестігі расталған. Еліміздегі соңғы конституциялық реформа адам құқығы мен бостандығын тиімді қорғау жүйесін әрі қарай тереңдетуге  жол ашты. 

ҚАЙРАТ МӘМИ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Конституциялық реформа аясында болған жаңалықтар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Аталған өзгерістер жеке адамның конституциялық бақылауға қол жеткізуін кеңейтуді қолдайды. Осылардың негізінде Конституциялық сот туралы конституциялық заңның жобасы әзірленіп жатыр. Болашақ сот конституциялық кеңестің оң тәжірибесін пайдалана отырып, баяндалған көп жұмысты жалғастырады деп ойлаймыз.  

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
17:17, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар